{metadescription}
Ядролық қаруға қарсы күрес: Халықтың денсаулығын  оңалтуға күш салу керек
Ядролық қаруға қарсы күрес: Халықтың денсаулығын  оңалтуға күш салу керек

Ядролық қаруға қарсы күрес: Халықтың денсаулығын  оңалтуға күш салу керек

Бүгін Семей ядролық полигонының жабылғанына 31 жыл толды. Атаулы күнге орай шаһарда қаралы жиын өтті. Семейліктер ең алдымен полигонның жабылуына орай тұрғызылған монументке гүл шоқтарын қойып, қаза болғандардың рухына тағзым жасады.

Түйемойнақ аралындағы шараға жалпы саны екі мыңға жуық адам қатысты. Осыдан тура 73 жыл бұрын Семей жерінде алғашқы атом бомбасы жарылған. Содан бері 500-дей сынақ жасалып, мыңдаған қазақ қырылды.

40 жылға созылған сынақтың 116-сы ашық жерде өткізілген. Яғни жер бетінде және әуе кеңістігінде жасалды. 

Сонымен қатар дүниежүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналды. Семей полигонында сынақтан өткізілген ядролық қарудың  жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2 жарым мың есе көп. Осы тажалдан кейін 1 жарым миллион адам түрлі айықпас дертке шалдыққан.

Ал осыдан 31 жыл бұрын Президент жарлығымен сынақ полигоны біржола жабылды. Сол себепті 29-тамыз ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілген. Дегенмен шараға жиналған зиялы қауым өкілдері полигонға қатысты қабылданған ескі заңды жаңартып, халықтың денсаулығын  оңалтуға күш салу керек дейді.

Қайрат Мирашев, Абай облысы қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары:

- Полигоннан зардап шеккен біздің өңір, Қарағанды, Павлодар облыстарының кейбір аудандары бар. Сондықтан заң әлеуметтік, экономикалық дамуына үлкен себеп болуы керек. Оған Үкімет жаңадан заң қабылдағанда, осы өңірлерге қомақты көмек көрсету қажет деп ойлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде