{metadescription}
Қазақстан ядролық сынаққа тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне ынталы
Қазақстан ядролық сынаққа тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне ынталы

Қазақстан ядролық сынаққа тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне ынталы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жеріне орны толмас зиян келтірген атом бомбасының сынағы туралы халықтың есіне салды. 40 жылдан астам уақыт үздіксіз жасалған жарылыстар ешқашан қайталанбауы керек деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық ісқимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мәнмаңызы айырықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады.

Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясы 29-тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп, Қазақстан ұсынысымен бекітті. Енді еліміз ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне қол жеткізуге ынталы. Құжатқа әлі сегіз мемлекет қол қоюға тиіс. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен шарт ұйымының басшылары оларды құжатты ратификациялауға шақырды. Ал қалған келісімді мақұлдаған елдер атом жарылыстарына мораторийді сақтауды жалғастыра береді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.