{metadescription}
Дәретханадағы шақалақты аман алып қалған екі полицей марапатталды – Алматы 
Дәретханадағы шақалақты аман алып қалған екі полицей марапатталды – Алматы 

Дәретханадағы шақалақты аман алып қалған екі полицей марапатталды – Алматы 

Бірден марапатталды! Алматыда дәретханадағы шақалақты аман алып қалған екі полицей ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды. Оқиға орнына бірінші жетіп, әріптестерін көмекке шақырған капитан Нұржан Шатуновқа майор шені берілді.

Көп рахмет! Қызметтеріңе! Үйіңе сәлем айт, жеке ісіңді қарап шықтым, кішкентай нәрестең бар екен, ертең ізіңді бассын, сенің әкешешеңе рахмет, осындай азамат тәрбиелегеніне, бұдан да жоғары табыстарға жетеді дегенойым бар.

Ал дәретханың ішіне түсіп, қызметтік формасына сәбиді орап алып шыққан лейтенант Ғазиз Хамасқалиевқа үш айлық көлемінде сыйақы тағайындалатын болды.

Осыдан төрт күн бұрын алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені дәретханада жатқан жерінен құтқарып қалды. Анасы кәмелетке толмаған қыз болып шықты. Ауруханаға жеткізілгенде түсік тастағанын айтқанмен, шақалақты тірідей дәретхана шұңқырында тастап кеткенін жасырып қалған. Бір шикілікті сезген сақшылар дереу үйіне барып, жаға ұстатарлық жағдайдың куәгері болды. Шақалақтың көрер жарығы бар екен. Оны дереу ауруханаға жеткізді. Шақалық әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Тоңып қалғандықтан, жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде