{metadescription}
Елімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді
Елімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Елімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Елімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді. Өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтырғандар едәуір азайған. Соңғы тәулікте 445 адам індет жұқтырды.

Ковидқа шалдыққандардың көрсеткішінде бірнеше айдан бері Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Елордада кешелі бері 77 адамнан коронавирус құрығына ілікті.

Алматы қаласында науқас саны 45 жанмен толықты.

Шымкентте жағдай оңалып, соңғы тәулікте ауру ешкімнен анықталмады. Аймақтардан Ақмола облысындағы эпидахуал көңіл көншітпейді. Бұл өңірде 67 адам вирус жұқтырған. Одан кейін Қостанай, Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында күн сайын кемі 20 адамнан қауіпті кесел табылуда. Ал, қос өкпесі қабынғандар тағы бес адамға көбейді.

Қазақстанда барлық өңір мен республикалық маңызы бар қалалар СОVID-19 инфекциясының таралуы бойынша әзірге қауіптің ең төменгі  «жасыл» аймақта тұр. Елімізде қазір 573 науқас стационарда ем қабылдап жатыр. Оның 18-нің жағдайы ауыр, бесеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде