Конституция күні: Елордада бір мезетте 300 адам марафонға қатысты
Бір мезетте 300 адам марафонға қатысты. Елордалықтар Конституция күнін осылай ерекше атап өтті. Бір қызығы, қатысушылардың жас шамасы әртүрлі. Тіпті олардың арасында алпысты алқымдап, жетпіске таяп, сексеннің сеңгіріне шыққандары да бар.
Автор: Елдос Есенбол
30.08.2022
Ал бас қаланың кішкентай тұрғындары Отан, ел мен жер тақырыбында ән-күйлерін арнап, астаналықтардың көзайымына айналды.
Қаз-қатар тізілген елордалықтар Ата заң күнін осылай тойлап бастады. Мерекеде қарап жатпаған астаналықтар орталық саябаққа келуді жөн санапты. Іздегенге сұраған дегендей, мұнда скандинавиялық жүрістен марафон да өтіп жатыр екен. Тіпті арнайы жаттықтырушы бұл ерекше спорт түрінің қыр-сырын да үйретіп бақты. Осылайша бас қаланың тұрғындары Конституция күнін тойлап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға тарысты. Спорттық шараға 300-ден астам азамат қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұнда жеңген де, жеңілген де жоқ. Барлығы үздік. Өйткені қатысушылардың арасында жасы да, жасамысы да бар.
Еркін Әлжанов, ұйымдастырушы:
- Спортқа қарай жақындатқызу керек, адамдарды үйден шығарып. Диваннан тұрғызып. Парктеріміз бар, соған келіп көріп, қатысып. Біз 7 қалада өткізіп жатырмыз ісшараны. Бізде әртүрлі жаста бар. Ең үлкені Петропавловскіден. 88-дегі ақсақал болып еді. 88,60-тан жоғары, 50-дегі адамдарды көріп отырсыздар. Жас балалар көп қосылып жатыр.
Одан соң қала тұрғындарын кішкентай өнерпаздар қуантты. Конституция күніне бүлдіршіндердің де дайындаған концерттік бағдарламасы бар екен. Ән де айтылды, би де биленді. Қазақтың қара домбырасымен күй де шертілді.
Жансая Аққубай:
- Бізге бүкіл адамдар қарап күлімдеді. Сосын біз өте қатты қуанып, домбыра тартып бердік. Біз әрқашан күліпойнап жүре берейік. Әрқашан осылай мен сияқты биік жарыстарға қатысып жүре берейік. Әрқашан күлімдеп жүре берейік, биіктерден көріне берейік.
Балақайлардың мерекеге тартуы қала тұрғындарының көңілінен шықты. Өскелең ұрпақ Ата заңның қадір-қасиетін жас жүрегімен ұғына алса, бізге ол қуаныш дейді олар.
Өтеміс Қожабаев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Бүін Қазақстанымыздың Ата заңының туған күні. Сол заңның құрметіне осы жерде концерт ұйымдастырылып жатыр. Соны қызықтап тамашалауға келіп тұрмын. Әрқашанда осындай бейбітшілік заман болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Дастархан толы тағам болсын. Біз, қарттар, сол қызықты көріп, өміріміз ұзағынан болып жүре берейік.
Өз кезегінде елорданың кішкентай тұрғындары да бүгінгі айтулы күнге орай жүрекжарды лебіздерін жолдады.
Мерекелік концерт қазақ эстрада әншілерінің өнерімен жалғасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!