Алматыда Конституция күніне арналған іс-шаралар үш күн бұрын басталды
Алматыда Конституция күніне арналған іс-шаралар осыдан үш күн бұрын басталып кетті. Қала қонақтары мен тұрғындарына ұсынылған мерекелік концерттер, түрлі спорттық жарыстар сияқты ойын-сауық түрі көп.
Автор: Асқарбек Қазанғап
30.08.2022
Көпшіліктің мерекелік көңіл күйі қалай? Конситуция күнін Алматы қалай тойлап жатыр?
Алматыдағы Республика сарайына адамдар лек-легімен ағылып жатыр.
Жалпы конституция күніне орайластырылған іс-шаралардың шымылдығын 27-тамызда «Транс Алатау Трейл» 24 сағаттық марафоны ашты. Онда еріктілер таулы жерде соқпақтармен жүріп бағын сынады.
28-тамызда Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда Конституция күніне арналған флешмоб жалғасын тапты. Бүгін дәл осы жерде тұрғындаға арнайы жәрмеңке де ұйымдастырылды. Жеміс-жидек, азық-түліктен бөлек, киімге дейін сөреге қойылды. Арзан бағамен себетін толтырғандардың көңіл күйі көтеріңкі. Түс әлетінде арнайы концерт те ұйымдастырылды.
Сәкен Аралбаев, Медеу ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:
- Алматы қаласында бүгін барлық аудандарында осы іспеттесшаралар өтіп жатыр. Сол көптеген іс-шаралардың бірі бүгін Алматы қаласының Медеу ауданында қазір өтіп жатыр.Бүгінгі іс-шарамыз енді қазақ елі үшін, жалпы біздің мемлекет үшін ең негізгі мерекелердің бірі деп айтар едік. Себебі, Ата заң – ел тірегі. Кез келген өркениетті қоғамды өркениетке жетелейтін ол Ата заңы.
Республика сарайындағы мерекелік кештің шарықтау шегі дәл осы жерде жалғасын тапты. Эстрада әншілерінің қатысуымен мұндағы концерт түнге дейін жалғасады. Ал Көктөбеде серуендеп жүргендерге құлаққағыс. Сағат 8-де жайдарманшы жігіттер өнер көрсетеді.
Барша қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!