Ата заңымыз аймақтарда қалай тойланды?
Петропавлда Конституция күні нағыз жалпыхалықтық мерекеге айналды. Қаладағы орталық көшеде тұрғындар той тойлап қана қоймай, жәрмеңкеге қойылған дәнді дақылдардың дәмін татып, омарташылардың өніміне қарық болды. Өскеменде де мерекені атап өткендерге арналып ауылшарушылық жәрмеңкесі ұйымдастырылған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
30.08.2022
Мұнда әкелінген өнімдердің бағасы базардан анағұрлым арзан. Ал Қарағандыдағы орталық саябаққа жұрт түстен кейін ғана тартыла бастады. Өйткені үш күннен бері өңір халқы кеншілер күнін ерекше атап өткен болатын. Ата заңымыз елдің әр аймағында қалай тойланды?
Петропавлда мерекенің көркін түрлі ұлттық мәдени орталықтарының фестивалі кіргізді. Достық үйінің алдында халық әндері шырқалып, киіз үйлерде дәмді тағамдардан ауыз тиген халық мәре сәре. Тіпті жаңа отау құрған жастар салтанатты шараның ортасында үлкендердің бастасын алды.
Марат Шаяхметов, Петропавл қаласының тұрғыны:
- Біз бүгін украинша құда түсу рәсімін көрсеттік. Мұндай шараға алғаш рет қатысуым. Орыстар немесе қазақтардың құда түсуін көргенмін, ал украин халқының қыз айттыруының жөнжоралғысын білмейді екенмін. Өте қызықты, маған ұнады. Ең бастысы, тыныштық пен денсаулық болсын, қалғаны өзі келеді.
Мейрам ән, би және қойылмдармен ғана шектелмей, аста-төк жәрмеңкемен жалғасты. Жергілікті саяжай иелері пісіп жетілген өнімдерін жұрттың алдына жайып тастаған. Әсіресе солтүстік өңірге таңсық саналатын, бірақ қала маңындағы саяжайда өсірілген алма мен жүзімдер жұрттың таңдайын қаққызды. Сонымен қатар балдың түр-түрін тізген омарташылардың өнімі де назардан тыс қалмады. Тиімді бағалармен ұсынылған ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасы қызу жүрді.
Қызықой Ермекова, Петропавл қаласының тұрғыны:
- Маған акация деп аталатын балдың түрі ұнады. Өте дәмді. Бұл біздің ортақ мерекеміз. Көріп тұрсыздар ғой, халықтың көңіл күйі жақсы. Қыдырып, разы болып жүр. Оның үстіне азық түлікті арзанға алып жатыр. Ауа райы да тамаша болып тұр.
Өскемендіктер Ата заң күнін ерекше атап өтті. Мерекелік шаралардың басым бөлігі «Достық үйінің» алаңында болды. Ал бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленгендіктен, думанның көркін қыздырған жұрттың қарасы көп.
Мұнда мерекеге орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Шаһарға жақын елдімекен тұрғындары ауылдың таза өнімдерін саудаға салды. Тіпті бал мен шұжық, көкөністер базардағыдан 20 пайызға төмен. Қауын-қарбыздыңда түр-түрі бар. Сондықтан тұрғындардың біразы мерекені тойлаумен қатар, өзіне қажеттісін алуға келген.
Нұрбике Құсайынова, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Осындай күндері істеген өте жақсы. Жәй күндері жұмыстамыз. Демалыс күні келіп аралаған күшті екен. Біздің Қазақстанымыз өркендей берсін. Бай болсын! Еліміз алда болсын, Алға Қазақстан!
Ал үш күннен бері кеншілер мерекесін тойлаған қарағандылықтарды қызықтыру қиынға түскендей. Сондықан орталық саябаққа келген
бірен-саран жұртқа ойын, қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі және ойынмен көңіл аулауға тура келді. Онда тіпті заңгер, дәрігер және тілшілердің
ақыл-кеңесі де беріліп жатты. Олардың әрқайссысы тұрғындарға Ата заңның беретін кепілдіктерін түсіндіді.
Арайлым Тойбекова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
- Әр қазақстандық Конституцияны шып қараса, ішінде өз құқығын оқып біле алады. Отасы құқығы, сосын әр адамның тұлғалық құқығы. Қазіргі таңда Қазақстан азаматтары, оның ішінде жастар өз құқықтарын білмей жатады, қорғай алмай жатады. Констутициямыз сол үшін арналған, сізге, бізге.
Саябақтағы қызықты орын, балаларға арналған шеберлік сағаттары өткен алаңқайлар болды. Аталаған викториналардың негізіне Ата заң туралы түсінік жасырылған.
Нәзира Өміртай, «Шеберлер қаласы» акциясының ұйымдастырушысы:
- Балалар өз қолымен моншақ тізіп, қағаздан гүлдер жасады. Өз қолынан шыққан дүниелерді көрермен назарына ұсынды. Сурет салды. Балалардың көбі, ең бірінші кезекте, аналарының суретін салады. Менің ойымша, бұл заңдылық.
Орталық саябақта осы жолы қаладағы кітапханалар ұйымдастырған жәрмеңкелерге басымдық береліпті. Кітапханашалырдың айтуынша, кейінгі жалдары Ата заңды сұрап оқитындар қатары көбейген. Кідіруге уақыты жоқтары электронды форматта алып кетеді екен. Олардың айтуынша, кітапқа жазылған Ата заңды кеудеге тоқу ел дамуына септігін тигізері хақ.
Мерекені атап өтуге қыдырып шыққан жұрттың бәріне ермек табылды. Саябақтарда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, стадиондарда түрлі жарыстар өтті. Мерекелік бағдарламаның соңында жергілікті симфониялық оркестрдің өнері тамашаланды. Өңірдегі барлық қалалар мен аудан орталықтарында концерттік бағдарламалалар мен би кештері өтіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!