{metadescription}
Мағзұм Мырзағалиев пен Әсет Мағауовқа сөгіс жарияланды
Мағзұм Мырзағалиев пен Әсет Мағауовқа сөгіс жарияланды

Мағзұм Мырзағалиев пен Әсет Мағауовқа сөгіс жарияланды

Дизелдің жайын реттей алмай сөз естіді. Үкімет басшысы құрған арнайы комиссия «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа сөгіс жариялады.

Себебі, салаға жауапты министрлік пен компания диқандардың шаруасы қызған тұста сұйық отынмен қамтамасыз ете алмай отыр. Мәселені шұғыл шешу үшін енді Үкімет қандай шаралар қабылдамақ?

Энергетика министрінің лауазымында төрт-ақ ай отырған Мағзұм Мырзағалиев сол кезде де сұйық отынның бағасын бағындыра алмай сынның астында қалып қызметінен кеткен еді. Көп ұзамай, «Қазмұнайгаздың» төрағалығына ауысты. Енді, міне, нағыз орақ науқаны кезінде дизель тапшылығы пайда болып, Мырзағалиев қайта сөгіс естіп отыр. Бұл жолы жалғыз емес, жанында энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бар.

Үкімет басшысының бұйрығымен құырылған арнайы комиссия елдегі отын тапшылығына түрткі болған бірнеше факторды анықтапты. Біріншіден, транзиттік көліктердің біздің жанармайды тонналап тұтынуы отандық нарыққа кері әсер еткен. 

ҚР Үкіметі:

- Уақытында тиісті шаралар қабылдамағаны үшін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы М.Мырзағалиев пен энергетика вицеминистрі А.Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, энергетика министрлігі мен ҚМГ компаниясының бірқатар жауапты қызметкерімен еңбек қатынастары бұзылды. Бұл мәселе  Үкіметтің ерекше бақылауында, қыркүйектің басында жағдай тұрақталады деп күтіледі.

Біздегі мұнай өңдеу зауыттарының қуаты нарықты толық қамтуға қауқарлы деп отыр үкіметтегілер. Мысалы, дизель өндіруі биыл 5,2 миллион тоннаға ұлғайған. Алда тағы Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жоспарда бар. Өткен аптаның басында ғана дизелді дифференция тарифпен сатуды да бастап кеткен еді. “Бірақ үкіметтің бұл әрекеті өртті сөндіргенмен ғана бірдей”, - дейді экономистер. Уақытша амал ғана деп баға берді.

Мақсат Халық, кономист:

- Қалай науқан басталады, солай дизелдің тапшылығы басталады. Және ол қолдан ұйымдастырылады. Жанаржағармай пунктеріне ол отынды жеткізу кешіктіріледі. Сүйтіп сол өңірдегі шаруалар паникаға ұшырай бастайды. Үкіметтің де сөгіс алатын жөні бар. Өйткені өткен жылы да осындай мәселе болды. Осы тамыз айынан бастап қыркүйек толығымен науқан уақыты. Бұл уақытта дизелдің тапшылығына жол беруге болмайды. 

Екінші жағынан көрші елдердегі баға бізден әлдеқайда жоғары. Сондықтан шекаралас аудандарда жанармайды заңды-заңсыз жолмен шетел асыру жайттары тым көп. Бұл да тапшылыққа әсер еткен.

Сондай-ақ Үкімет мұнай саласындағы санаулы ойыншылардың бірі - «Қазмұнайгаз» бен "Петросан" компаниялары, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары тарапынан өндіру, өңдеу, маркетинг, логистика саласында олқылықтарды анықтаған.

Үкіметтегілер мұның барлығын “енді бақылауда ұстаймыз” деп сендіріп отыр. Бұл ретте ірі жанармай бекеттерінің желілерінде колл-орталықтар ашылған. Онда қазақстандықтар бағаны негізсіз көтеру және жанармайды сатудан бас тарту фактілері туралы хабарлай алады деді энергетика министрлігі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде