Көлігінің ішінде 14 жастағы қызды зорлаған
14 жастағы қызды зорлады деген күдікті құрықталды. Енді азғын 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
31.08.2022
Оқиға осыдан үш күн бұрын Талдықорған қаласында болды. 20 жастағы жігіт арам ойын аппақ көлігінің ішінде асырған. Зәбір көрдім деген 9-сыныптың оқушысы полицейге арызды келесі күні жазыпты. Тәртіп сақшылары ұстаған күдікті Жетісу өңірінің тұрғыны болып шықты. Қазір ол 2 бап бойынша тергеліп жатыр.
Жанна Нүпбаева, Жетісу облысы ПД өкілі:
- Дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 3-1бөлігі және 121 баптың 3-1 бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Болжам бойынша, жәбірленушіні зорлау Тойота Камри автокөлігінің салонында жасалғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп арнайы тұраққа қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!