{metadescription}
Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жасайды
Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жасайды

Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жасайды. Президенттің биыл екінші жолдауы ертең Парламент палаталарының бірлескен отырысында, сағат 11-00-ге жоспарланған. Оны барлық республикалық теларналар тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл жолы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары айқындалады деп күтіліп отыр. Президенттің нақты қандай мәселерге ойысатыны әлі белгісіз. Жыл басында мемлекет басшысы саяси реформаларға толы баяндамасын жасаған. Сол кезде президент өкілеттілігін азайту, ықпалды Парламент құру, сайлау үдерісін жаңғырту, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге қатысты маңызды шешімдер қабылданған-ды.

Одан кейін республикада жаңа үш аймақ: Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары құрылды. Қапшағай қаласына Қонаевтың аты беріліп, жолдауда айтылған алғашқы жалпыұлттық құрылтай - ұлт ұясы Ұлытауда өткен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.