{metadescription}
Кәсіпкерлердің бизнесін тартып алумен айналысқан қылмыстық топ
Кәсіпкерлердің бизнесін тартып алумен айналысқан қылмыстық топ

Кәсіпкерлердің бизнесін тартып алумен айналысқан қылмыстық топ

Рейдерлерге іздеу салынды. Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкерлердің бизнесін тартып алумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін іздеп жатыр. Болжам бойынша, зардап шегушілерге келген шығын көлемі 18 млрд теңгеден асады.

Рейдерлердің құрығына AV-Construction, Profit trade ltd, Azovita Aktau, Azovita Atyrau сияқты компаниялар ілінген. Бизнеске кедергі келтіріп қоқан-лоққы көрсеткен Бабаев, Танашев, Әбижанов және Алтыбасаровты агенттік

14-шілдеде ұстап, қазір олар қамауда отыр. Ал қалған үш сыбайласқа халықаралық іздеу жарияланған. Темір торға қамалған төртеуден және оларға қатысты адамдардан 9 миллионға жуық доллар, бренд зергерлік бұйымдар табылыпты. Сондай-ақ 102 пәтер, жеке үйлер, гараж, барлығы 154 жылжымайтын мүлік, 2018-2022 жылдар аралығында шығарылған 19 премиум маркалы көлік тәркіленген. Құзырлы орган қазір сотқа дейінгі тергеуді әлі жалғастырып жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды. Қаржылық  мониторинг органдарына аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсуде. Осыған орай Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде