{metadescription}
Алматы облысында жұрттың атына несие рәсімдеп келген алаяқ әйел ұсталды
Алматы облысында жұрттың атына несие рәсімдеп келген алаяқ әйел ұсталды

Алматы облысында жұрттың атына несие рәсімдеп келген алаяқ әйел ұсталды

Алматы облысында "банк қызметкерімін" деп, жұрттың атына несие рәсімдеп сан соқтырған келіншек құрықталды. Бір айдан аса іздеуде болған оны полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласынан тауыпты. Күдікті жүзге жуық адамды тақырға отырғызған.

Бір ай бұрын Жамбыл ауданында күдікті талай жанға онлайн несие алдырып, алдап кеткен. Пысықай әйел кепілдегі тұрмыстық техника мен әшекей бұйымдарды таныстары арқылы ақшалай шығарып беремін деп сендіріпті. Алайда не ақша, не тауарды көрмеген халық банктерге белшесінен қарызға батқан. Осылайша қос–қостан қарызы барлар енді пайдаланбаған несиені төлеуге мәжбүр. Қулығына құрық бойламаған келіншектің арбауына 97 адам түскен. Олардың барлығы тұрмыстық техникаға тапсырысты әлгі қыз көрсеткен компанияға берген. Қолға түскен күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жарқын Есжанов, Жамбыл ауданы ПБ бастығының орынбасары:

- Келтірілген залал сомасы 100 млн-нан астам. Қылмыстық іс тіркелгеннен кейін күдікті азаматша қылмыстық қудалаудан органдарынан бой тасалауына байланысты іздеу жарияланды. 28 тамыз күні жедел ісдестіру шаралары барысында күдікті әйел Нұр-Сұлтан қаласынынан ұсталды. Қазір қамауға алынды. ҚР ҚК 190-бап, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.