{metadescription}
Қарағанды облысында жүк көлігі УАЗ көлігін таптап кетті
Қарағанды облысында жүк көлігі УАЗ көлігін таптап кетті

Қарағанды облысында жүк көлігі УАЗ көлігін таптап кетті

Қарағанды облысында БелАЗ таптап өткен Уаз көлігінің ішінен аман шыққандардың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді. Апат Молодежный кенішінде болған. Сау тамтығы қалмаған көлікте екі адам қаза тапты. 

Оқыс оқиға “Қазақмыс” компаниясына қарасты көмір кенішінде болды. Ашық кеніште келе жатқан ауыр көлік солға бұрылғанда қарама-қарсы келген УАЗ-ды басып өтіпті. Көлікте бес адам отырған. Оның жүргізушісі мен бір жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті. Екі жолаушы жеңіл жарақат алса, біреуінің жағайы ауыр. Қазір ол облыс орталығына жеткізіліп, ота жасағалы жатыр.

Ғалымбек СайлауұлыҚарағанды облысы көпсалалы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Науқастың жамбасы, алақаны, тобығы сынған. Қазір жағдайы бірқалыпты. Ертең ота жасалынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде