Қаңтар оқиғасына қатысып істі болғандарға рақымшылық жасалады
Қаңтар оқиғасына қатысып істі болғандарға рақымшылық жасалады. Президент жаппай тәртіпсіздік кезінде аса ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға жеңілдік жасау туралы шешім қабылдады.
Автор: Қаңтар оқиғасына қатысып істі болғандарға рақымшылық жасалады
01.09.2022
Кінәсін мойындап, өткен ісіне өкінетін отандастарымызға кешіріммен қарау керек деді бүгін мемлекет басшысы.
Бірақ рақымшылықтың сол қаңтардағы қырғынды ұйымдастырғандарға, шерушілерді темір торда азаптаған құзырлы орган өкілдеріне қатысы жоқ. Билікті күшпен басып алмақ болды деп айыпталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшыларына да кешірім жасалмайды. Сондай-ақ лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандар, қандықол қылмыскерлер де рақымшылыққа ілікпейді. Олар заң аясында қатаң жазаланады.
Президент жұртты арандатып, бүлік шығаруға үндегендердің көбі жеңіл жазамен құтылып кеткенін де тілге тиек етті. Сондықтан, құзырлы органдарға осы мәселеге қатысты нақты шешім қабылдауға тапсырма берді.
Қаңтар оқиғасы бойынша бес мыңнан астам қылмыстық іс тіркеліп, бүгінге дейін 834 адам сотталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күш құрылым қызметкерлері де өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!