«Аманат» партиясы президенттің барлық бастамасын қолдайды
«Аманат» партиясы президенттің барлық бастамасын қолдайды. Партия төрағасы Ерлан Қошанов Жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыру үшін аянып қалмаймыз деп отыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
01.09.2022
Жолдауды талқылау үшін бүгін партия мүшелері жиын өткізді. Депутаттар мен қоғам қайраткерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент мандатын 7 жылдық әрі бір мерзіммен шектеу жөніндегі ұсынысына ерекше тоқталды.
Мұның бәрі реформалар бағытының айқындығын және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсетеді дейді аманаттықтар. Сонымен қатар партия төрағасы қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, президент әлеуметтік саясатты күшейтіп жатқанын атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!