{metadescription}
Шетелдік көліктер жаппай тіркеліп, бір реттік төлем алынады
Шетелдік көліктер жаппай тіркеліп, бір реттік төлем алынады

Шетелдік көліктер жаппай тіркеліп, бір реттік төлем алынады

Қазақстандағы шетелдік көліктерді заңдастыру керек. Президент бүгінге дейін алыс-жақын елдерден әкелінген машиналарды жаппай тіркеп, барлығынан бір реттік төлем алуды ұсынды. Ал оның құны 250 мың теңгеден аспауға тиіс.

Бірақ шетелде іздеуде жүрген, қылмысқа қатысы бар темір тұлпарларды тіркеуге рұқсат жоқ. Мемлекет басшысы Қазақстанға көрші елдерден заңсыз жолмен көлік әкелетін пысықайларға тосқауыл қою керектігін де тапсырды. Себебі, Қырғызстан, Грузия, Ресей номерін тақан көліктер жүгенсіз кеткен. Бақылау болмаған соң жүргізушілер жауапкершіліктен де сытылып кетеді. Еске салсақ, екі жыл бұрын ел аумағына кірген Армения көліктері тіркеуге тұрып, жаппай сары номер алған болатын. Әзірге өзге мемлекеттердің номерін таққан жүргізушілерге қатысты нақты қандай талап қойылатыны белгісіз. Алдағы уақытта ішкі істер министрлігі арнайы бағдарлама дайындап, тиісті ұсыныстарын айту керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Кейбір жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерге қатысты түйткілдер баршаға мәлім. Заң аясынан тыс қалып отырған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруде. Заңсыз көлік әкелетін амалтәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет. Ал биылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек. Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде