{metadescription}
Жолдаудан қазақстандықтар қандай өзгеріс күтеді?
Жолдаудан қазақстандықтар қандай өзгеріс күтеді?

Жолдаудан қазақстандықтар қандай өзгеріс күтеді?

Әр отбасының материалдық жағдайы ел экономикасына әсер ететіндіктен, Президент Жолдауында жастарды жұмыспен қамту, балаларға қатысты бұрын-соңды қабылданбаған бағдарламалардың қолға алынатыны халық көптен күткен жаңалық болды.

Жаңа жолдаудан қазақстандықтар қандай өзгеріс күтеді?

-18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық қордан 50 пайыз бөлінеді дегенге өте қуаныштымын. Салыстырмалы түрде қарағанда Жапонияда, Америкада, басқа да көптеген шетелдерде мұндай жағдай қарастырылған ғой. Бізде 30 жыл бойы болмаған. Мен өте қуаныштымын,қазіргі ұрпақтарға, өзімнің немерелеріме. Оқуға, білім алуға үлкен капитал ғой бұл

- Жер туралы да айтылды ғой. 2 жарым, 3 жарым миллионды қайтару керек деп. Бұрынғы уақыт кезде байсеркештердің бәрі бөліп алды, оны қолданып жатқан жоқ. Олардың бәрін қайтару керек. Халыққа, мұқтаж адамдарға беру керек. Ауылдық жерде жайылым жер жоқ, жайылымға беру керек. Халық үшін қызмет қылу керек.

- 30 мың теңгеге жарайды енді, есептесең 1 қап ұн аласың, асып кетсе, 5 литр сұйық май аласың, қант аласың, болды, басқа ештеңке ала алмайсың. 60 мың теңгеге әйтеуір бір айға жететін тамағыңды аласың, 60-70 мыңға.

- Енді өзгерістер, әрине, енгізілуі керек. Қазіргі жағдай өте қиын болып тұр. Глобализация, экономика жағынан қазір өте қиын жағдай болып жатыр. Сондықтан, өзгерістер өте керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде