Елімізде 17 мыңнан астам адам коронавируспен ауырып жатыр
Елімізде COVID-19-ды 431 адам жұқтырған, ал коронавирус пневмониясымен 10 науқас тіркелген. Көрсеткіш кешегімен салыстырғанда екі есеге жоғары. Бұған қоса бір күнде ауруынан айыққандар саны да осымен шамалас.
Автор: Салтанат Шырынхан
02.09.2022
454 науқас дерттен жазылып шықты. Алайда әлі де 17 мыңнан астам адам кеселмен күресіп жатыр. Оның 450-ге жуық ауруханада ем алып, 11-інің жағдайы тым ауыр.
Аймақтардағы ахуал бойынша індетті жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында. Онда бір күнде 66 адамның сынамасы оң нәтижені көрсетті. Одан кейінгі тізімдегі Ақмола облысында 53 тұрғынның қанынан вирус табылған. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында дертті жұқтырғандар саны 40-тың төңірегінде. Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласындағы тәуліктік статистика 30-дан жоғары. Ал Қызылорда облысында кешелі бері бірде-бір адамнан ауру анықталмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!