{metadescription}
Петропавлда құбыр тазартпақ болған үш жұмысшы уланып, біреуі көз жұмды
Петропавлда құбыр тазартпақ болған үш жұмысшы уланып, біреуі көз жұмды

Петропавлда құбыр тазартпақ болған үш жұмысшы уланып, біреуі көз жұмды

Петропавлда су құбырларын тазарту кезінде 3 жұмысшы уланып қалды. 20 жастағы жігіт сол жерде жан тапсырса, екеуінің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Болжам бойынша, олар улы буға тұншыққан.

Қайғылы оқиға жаңа театрдың құрылыс алаңында болды. Бұл нысанның құрылысы төрт жыл бұрын аяқталуы керек еді. Алайда ұзақ уақыт үзілістен кейін биыл көктемде ғана құрылысшылар жұмыстарын қайта бастаған. Жұмысшылар сол құрылыс басында су құбырын қазартқан екен.

Жедел жәрдем жеткенше 20 жастағы жігіт жан тәсілім етіпті. Екеуі дереу ауруханаға жеткізілген. Біреуінің жағдайы ауыр. Оқыс жағдай бойынша іс қозғалып, арнайы комиссия тексеру жүргізуде.

Гүлнар Мырзақанова, СҚО Мемлекеттік еңбек инспекторы:

- Қазақ драма театрының аумағында QazaQ Quzylysu ЖШС-нің үш қызметкерінің улануымен болған топтық жазатайым оқиғаға байланысты арнайы комиссия оқыс жағдайдың мән-жайын, себебін анықтайды. Мүмкіндігінше зардап шеккендерден жауап алынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.