{metadescription}
Екі апта тұрмыстық қалдық жиналмаған Шымкент күл-қоқысқа толды
Екі апта тұрмыстық қалдық жиналмаған Шымкент күл-қоқысқа толды

Екі апта тұрмыстық қалдық жиналмаған Шымкент күл-қоқысқа толды

Қаланы қоқыс басты. Шымкентте екі аптадан бері тұрмыстық қалдық жиналмай жатыр. Соның салдарынан шаһарды күл-қоқыс басып, жер үйлер мен көпқабатты баспаналардың алды қапқа салынған қалдықтарға толды.

Тазалықтың жоқтығынан құрт-құмырсқа мен тышқан қаптап, көшелерді жағымсыз иіс жайлап кеткен. Шенеуніктер бұл тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын жеке компанияның селқостығы деп, тазалыққа жауапты мекемені тұрғындар сотқа берсін деп қол қусырып отыр.

Шымкент көшелерін екі аптадан бері қоқыс басты. Жер үйлердің алдында қалдық толы қапшықтар тізіліп тұрғаны үйреншікті көрініске айналған. Ал аптасына кемінде бір мәрте әкететін мекеме қызметкерлері екі аптадан бері ұшты-күйлі жоқ.  Бірақ қоқыстың ортасында отырмау үшін ай сайын ақша төлеп отырған тұрғындар ауаны жағымсыз иіс басып, зиянды жәндіктер де көбейіп кеткенін айтады.

Клара Садықова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Қоқыстан шыбын да, тарақан да, мысығың да көбейеді. Бірінші апта әкетпеген себебі, мереке күні деп ойладық. Екінші апта әкетпеген себебі, ойладық, солярка көтеріліп кетті дей ме, сондай деп ойлап жатырмыз. Білмеймін, әкететін шығар деп отырмыз. 

Қоқыс жер үйлердің алдынан ғана емес, қала орталығындағы көпқабатты үйлерден де тасымалданып жатқан жоқ. Тұрғыны көп шағын аудандардағы контейнерлер де аузы-мұрнынан шығып тұр. Жергілікті шенеуніктер мен тазалыққа жауапты мекемелерге хабарласып нәтиже шығара алмаған шымкенттіктер енді үйілген қалдықтарды қала сыртына өздері шығарудың амалын іздеп жатыр.

Яда Сарыбаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Мен коммерциялық төлеймін, 4 мың теңге алады бізден. Жұрт қанша төлейтінін білмеймін, олар 600 бе, 800 бе, төлейді. Төрт мың төлеймін, соның өзінде  алты қап тұрған, Үш қабын тастап кеткен. Екі апта болды. Сосын бықсып мына жердің бәріне иісі мүңкіп жатыр. Енді амал жоқ, шығарам. Баламның қолы тимейді, балам демалыста емес. Амал жоқ, апарып тастаймын, ақылы жерге болса да.

Шымкент көшелеріндегі қоқысты жинау “ЛТД-Тұрмыс”, “ЭкоСпецтранс” пен “Шымкент.Спец.Комплекс” деген мекемелерге жүктелген. Барлығының қожайыны бір болған соң, қаладағы тазалық жұмыстары да бір мезетте тоқтапты. Бірақ коммуналшылар жанар-жағар май тапшылығынан тазалық жүрмегенін мойындап отыр. Ал дәл қазір “қала көшелері тап-таза” деп, айды аспаннан бір-ақ шығарды.

Бауыржан Әмірбеков, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС директорының орынбасары:

- Енді алынып жатыр ғой, алынып жатыр. Дизель отын жоқ болды, басқа жоқ болды. Қазір реттеліп, қазір барлық машина шығып, бәрі орындалып жатыр. Алынып жатыр.

- Күніге қанша машина шығарып жатсыздар?

- Абай ауданына 16 машина шығарып жатырмыз, спец.машина. Әл Фарабиге 12 машина шығарып жатырмыз.

- Бүгін шықты ма?

- Бәрі шықты, бәрі шықты.

Ал, әкімдік қалдықтарды әкетуге тиіс мекемелердің жұмысына тікелей араласа алмаймыз дейді. Себебі, келісімшарт тұрғындар мен компаниялардың арасында ғана жасалған екен. Бірақ міндетін орындамаған мекемелердің қызметінен бас тартуға немесе соттасуға құқылы деп кеңес береді.

Марат Тәжібаев, әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары:

- Біз қазір экологиялық полиция мен экология департаментімен атқарылған жұмыстарды өзіне жүктелген міндеттемелерді дер кезінде орындамағын үшін шара көру бойынша хат жолдап шара көру жағын қарастырып жатырмыз.

- Қай компанияларға қатысты?

- “Экоспец.транс” пен “Шымкентспец.комплекс” деген екі мекемеге қатысты.

Шенеуніктер көше тазалау үшін өзге коммуналдық мекемелерге өтініш айтып, қоқыс басқан жерлерді түгел жинап жатырмыз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.