{metadescription}
Экология: Атырау мұнай және газ өңдеу зауытында тексеріс басталды
Экология: Атырау мұнай және газ өңдеу зауытында тексеріс басталды

Экология: Атырау мұнай және газ өңдеу зауытында тексеріс басталды

Атырау мұнай және газ өңдеу зауытында кезектен тыс тексеріс басталды. Облыстық экология департаменті алып кәсіпорыннан тараған түтіннің құрамын анықтап жатыр. Өйткені соңғы бірнеше күннен бері Атырау қаласын жағымсыз иіс басқан.

Сырым Тілегенов, Атырау облысы Экология департаменті басшысының орынбасары:

- Біздің департаменттің бақылау мамандары түнімен жүріп ауа сынамаларын алды. Атырау мұнай және газ өңдеу зауытының санитарлық қорғау аймағының сыртынан алынды. Нормативтен асу фактісі анықталған жоқ. Бүгін де “Қазгидромет” мекемесінен мамандар тартып, кешке шығу жоспарланып отыр.

Түтінге тұншыққан тұрғындар әлеуметтік желіде жаппай наразылық білдірген. Тіпті экология министрлігін белгілеп, Атырау мұнай және газ өңдеу зауытынан ауаға улы газ бен күкірсутегінің сасық иісі таралып жатыр деп дабыл қақты. Осыдан кейін Облыстық экология департаменті кезектен тыс тексеру жұмыстарын бастапты. Әзірге оның нәтижесі белгісіз.

Естеріңізге салайық, шілде айында дәл осы кәсіпорынның жұмысы аяқ асты тоқтап, мұржаларынан қызыл жалын лаулаған. Кейін ауаға қара түтін тарағаны да белгілі. Экологтар осы апатқа қатысты тексеріс те бірер күнде аяқталады дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.