Энергетика көздерін жаңарту ел тұрмысын жақсартады
Энергетика көздерін жаңарту ел тұрмысын жақсартады. Ақтөбе облысында мемлекет басшысының Жолдауына қолдау білдірген газ өңдеу зауытының мамандары осылай деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.09.2022
Кәсіпорындарды модернизациядан өткізіп қуат күшін арттырса, жұмыс орындары көбейеді. Оның өзі ел тұрмысын жақсартуға ықпал ететін болады.
Ақтөбе облысындағы Кожасай кен орнында төрт жыл бұрын ашылған Gas Processing Company мекемесінде үш 300-ден аса адам жұмыс істейді. Газ өңдеумен айналысатын бұл кәсіпорында өзге елден маман тартылған емес. Жаңа технологияларды игеруде қазақстандық жас мамандардың біліктілігі мен білімі жетеді. Мұндағы жұмысшылар президент Жолдауындағы ел тұрмысын жақсарту мен өндіріс орындарын дамытуға қатысты тапсырманы қолдап отыр. Енді оны жүзеге асыру міндетіміз дейді.
Рамазан Балғалиев, Gas Processing Company зауытының инженері:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тарихи сипатқа ие. Жолдауда айқындалған 5 бағдар бізге өте маңызды. Біз газ өндіру саласының ақтөбелік жас мамандары Жолдауда көрсетілген мақсаттарды қолдай отырып, экономикалық өзгерісті қабылдаймыз. Энергетика, жылу, халық тұрмысына аса қажет комуникацияларды жаңалауға қатысты тапсырмасы көңілімізден шықты.
Gas Processing Company зауыты жылына 420 миллион текше метр мұнайдың ілеспе газын қабылдайды. Одан тұрмыста қолданатын көгілдір отын, сұйытылған газ, газ конденсаты мен түйіршіктелген күкірт өндіріп отыр. Енді өндіріс қуатын тағы арттыруды жоспарлауда. Зауыттағылар мемлекет басшысының заманауи технологиямен қамтып, модернизациялау қарқынын көтеруге қатысты бастамасы ел экономикасын көтереріне сенімді.
Қыран Алдасүгіров, Gas Processing Company зауытының бас технологы:
- Өндіріс орындары заманауи бағытта модернизацияланғаны жөн. Біздің де зауыт газ өндіру бойынша алтыншы компрессорды іске қосуды жоспарлап отыр. Жастарға мемлекет басшымыз зор қолдау білдіріп жатыр. Президент жолдауында жинақ қоры құрылатынын айтты. Бұл алға талпыныс береді, жастарға. Білім алып, жас мамандар мен зауыттар да көбейеді.
Газ өңдеудің экономикаға да, экологияға да пайдасы зор. Мұнайдың ілеспе газы босқа жанып ауаға тарамайды. Өңделген отын ел қажетіне жарайды. Есесіне мұнай өндіру көлемі де көбейдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!