{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Қанша адам рақымшылыққа ілінетіні белгісіз
Қаңтар оқиғасы: Қанша адам рақымшылыққа ілінетіні белгісіз

Қаңтар оқиғасы: Қанша адам рақымшылыққа ілінетіні белгісіз

Қаңтар оқиғасы бойынша елімізде мыңнан астам іс тергеліп, мыңға жуық адам сотталған. Соның нақты қаншасы рақымшылыққа ілінетіні әзірге белгісіз. Президент тапсырмасынан кейін іске кіріскен прокурорлар әрбір қылмыстық істі сараламақ.

Әсет Шыңдалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары

- Жұмысты енді-енді бастап жатыр. Қандай, қанша адам рақымшылыққа ілігетінін айта алмаймын. Бес мыңға жуық қылмыстық іс тергелген, 1 мыңға жуық адам соттан өтті. Солардың барлығын қарап, қандай іс-әрекет жасағанын саралап, содан кейін айқындалатын болады. Нақты шешім әлі жоқ.

Құзырлы орган рақымшылыққа кімдердің ілігетінін бір жылға жеткізбей жарияламақ. Алдымен заң жобасын әзірлеп, статистикалық мәліметтерді халыққа ұсынғалы отыр.

Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы шешімді кеше президент қабылдап, Қазақстан халқына Жолдауында айтқан еді. Бірақ экстремистер мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған басты айыпталушылар, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен өзгертуге әрекет жасады деп айыпталғандар жазадан құтылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.