{metadescription}
Сайлау қарашадан кейінге қалдырылмайды
Сайлау қарашадан кейінге қалдырылмайды

Сайлау қарашадан кейінге қалдырылмайды

Дайындыққа екі ай беріледі. Әділет министрлігі елдегі кезектен тыс президент сайлауына дейін осынша уақыт бар деп түсіндірді. Яғни, аса маңызды саяси науқан қарашадан кейінге қалмайды.

Кешегі Жолдауына мемлекет басшысы биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізу керектігін айтқан. Ал келесі жылы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары да қайта сайланбақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі президент өкілеттілігін 7 жылға әрі бір рет қана қылуды ұсынды. Әділет вице-министрі Алма Мұқанова бұл ұсыныстарды іске асыру үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу керек деп түсіндірді. Себебі, қазіргі заң бойынша ел президенті 5 жылдан 2 мерзімге сайлана алады.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі:

- Қазіргі Конституцияның нормаларына сәйкес, бізде президентті сайлауға екі мәрте беріледі. Бұл мәрте екіден бірге төмендетіледі. Бүкіл қоғамдық бірлестіктер, оның ішінде де саяси партиялар тиісті кандидаттарды беруге құқылы. Бірақ бұл кандидаттар әдейі түрде партия мүшесі болуы деген қағида жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.