{metadescription}
Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы ахуалды өз көзімен көрді
Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы ахуалды өз көзімен көрді

Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы ахуалды өз көзімен көрді

Үкімет екі-үш айда жаңа үй салып береді. «Қостанай облысындағы алапат өрттен зардап шеккендер мемлекет көмегінсіз қалмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы бүгін апат аймағына барып, ондағы ахуалды көзімен көрді. Аманқарағай мен Әулиекөл елдімекендерінде қызыл жалыннан бас сауғалаған ағайынмен тілдесіп, жедел-штабтың жиынында жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

№1 борт таңғы сағат 11 шамасында Қостанайға келіп қонды. Негізі бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Торғай даласына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай баруға тиіс болған. Бірақ 2-қыркүйекте басталған алапат өрт тойды кейінге шегеруге мәжбүрледі.

Қостанайға келісімен, мемлекет басшысы тікұшақпен қайта көкке көтеріліп, өртенген Әулиекөл елдімекеніндегі ахуалды көрді. Одан соң президент шұғыл әрекет ету штабының жиналасын өткізді. Жиынға қатысушылардың арасында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де бар. Ең алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің толық бақылауда екенін, тілсіз жауды өшіруге барлық күштің жұмылдырылғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Қостанай облысына басқа аймақтардан техника мен қажет мамандар уақытында жеткізілді. Төтенше жағдай министрлігіне ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрліктері, Ұлттық ұлан көмекке келді. Бұл жұмысқа орман күзетінің жұмысшылары және теміржолшылар тартылды.

«Ал өрттен зардап шеккендер мемлекет қолдауынсыз қалмайды. Үкімет тарапынан жан-жақты көмек болады, бұған ешкімнің күмәні болмауы керек», - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Зардап шеккен азаматтардың бәріне қажет көмек беріледі. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет тиісті мәселелерді шешу жұмыстарымен айналысып жатыр. Көмек көрсетілетіне ешқандай күмән болмауға тиіс. Үкімет, әкімдік, еріктілер барлығы өрттен зардап шеккендерге көмектесуге жұмылдырылды.

Бұдан соң мемлекет басшысы өртке оранған баспанасын тастап Әулиекөлдегі мектепті паналауға мәжбүр болған ағайынмен тілдесті. Үйсіз қалған азаматтарға Үкімет жаңа баспана тұрғызып беретінін айтып, күпті көңілдеріне сәл де болса үміт шуағын сыйлады. Одан кейін ұлт ұстазының да мерейтойы тойланар күн алыс емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Расында, бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі екіүш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз.

Бірақ бұл жасалуға тиіс жұмыстың бір бөлігі ғана. Алда әлі атқарылар іс көп. Өрт шарпып күлге айналдырған алқапты қалыпқа келтірумен қатар, енді табиғат апатының алдын алу керек деді президент. Сондай-ақ өз сөзінде мемлекет басшысы жалынмен арпалысқан төтенше жағдай қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына қатысты барлық мәселені шешу керектігін баса айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде