{metadescription}
Қостанайдағы өрт орақ науқанына зиянын тигізді ме?  
Қостанайдағы өрт орақ науқанына зиянын тигізді ме?  

Қостанайдағы өрт орақ науқанына зиянын тигізді ме?  

Орманнан басталған алапат өрт егін алқаптарына жетпеген. Демек елдің азық-түлік қауіпсіздігіне, жалпы экспорт пен импортқа қауіп жоқ. Өрт шалған жерлер бар, бірақ ол өте аз көлемде.  Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдайға байланысты осындай мәлімдеме жасады. 

Жалпы Қостанайда бес миллионнан астам гектар егіс алқабы бар. Тілсіз жау тек 0,1 пайызына тиген. Ол Қарабалық және Меңдіқара ауданында.

Республика бойынша Қостанай облысы қамбаның жартысынан көбін бидаймен толтыратын аймақ. Биыл өңір шаруалары төрт миллион гектарға дәнді дақыл, бір миллион гектарға майлы дақыл және үш жарым миллион гектарға бидай отырғызған екен. Бүгінгі күнге дейін егіс алабының 45 пайызы жиналып үлгеріпті. Төтенше жағдайдың жариялануы орақ науқанына кедергі келтіріп жатқан жоқ дейді құзырлы министрлік. Ал өртте арам қатқан мал басына комиссия анықтағаннан кейін өтемақы төленетін болады. 

Дамир Егізбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:

- 4-қыркүйектегі соңғы дерек бойынша облыстың Қарасу ауданының Люблинка ауылында және Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 12 бас ірі қара мал, 118 шошқа және 261 бас құс қырылған. Ешқандай жұмыс тоқтаған жоқ. Қазірдің өзінде белсенді күздік жинау науқаны жүріп жатыр. Ол тоқтамайды да. Біздің шаруалардың жинау науқанындағы белсенділігі өте жоғары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.