{metadescription}
Бірнеше банк Қостанайда үйі өртенгендердің несиесін кешіріп, қарызын жабады
Бірнеше банк Қостанайда үйі өртенгендердің несиесін кешіріп, қарызын жабады

Бірнеше банк Қостанайда үйі өртенгендердің несиесін кешіріп, қарызын жабады

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Өрт құрсауында қалған қостанайлықтарға еліміздің барлық өңірінен гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр. Тек облыс орталықтарында ғана емес, ауыл-аймақтарда да қабылдау бөлімшелері ашылған. Оған қарапайым халық азық-түліктен бастап, құрылыс материалдарына дейін әкелуде.

Зардап шеккен тұрғындарға ең қажет заттар тиелген жүк көліктерінің алғашқы легі Қостанай облысына жетіп үлгерді.

Ақтөбе өңірінде гуманитарлық көмек жинайтын бөлімше 12 аудан мен облыс орталығынан ашылған. Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсетпек болғандар осында азық-түліктен бастап, дәрі-дәрмек, киім-кешекке дейін әкеліп жатыр. Алғашқы екі жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмекті көрші аймақтағы Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарына жөнелтті.

Ермек Кенжеханұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

Біздің облыстың жас еріктілері жұмысқа қатысып жатыр. Басты міндетіміз – зардап шеккен Қостанай облысының азаматтарымен бірге екенімізді жеткізу. Бір әрқашан азаматтарға көршілерімізді қолдауға, қол ұшын созуға дайын екенімізді жеткізгіміз келеді.

Қызылордалықтар да сауапты істен құр қалмады. Бұл өңірдің тұрғындары, кәсіпкерлері кешелі бері гуманитарлық көмекке қолда барын әкеліп, тапсырып жатыр.

Асхат Шәукенбаев, Қызылорда қаласының тұрғыны:

Кәсіпкер ретінде Қостанай халқына аз да болса көмек жіберіп, осы пунктке әкеліп өткізіп жатырмын. Тас түскен жеріне ауыр дейді. Қостанай халқына сабыр берсін! Біз сіздермен біргеміз!

Ал Солтүстік Қазақстан облысынан гуманитарлық көмек тиелген төрт көлік Қостанайға қарай шықты. Бір КамАЗ тіркемесімен, екі Газель және бір жүк көлігін азық-түлік пен киім-кешекке толтырған.  

Әсем Рахметова, Петропавл қаласының тұрғыны:

40 тоннадан аса тауар Әулиекөл ауданына жөнелтіледі. Оның ішінде 15 тоннадан аса ұн бар. Одан кейін ұн өнімдері, макарон, күріш, қарақұмық, бір жарым тоннадай сұйық май бар. Сонымен қатар  салқын уақытта киетін, күзгі, қысқы киімдер салынды. Таза ауыз судан жіберіліп жатыр.

Тілсіз жаудан зардап шеккен қостанайлықтарға Жамбыл облысының жұртшылығы да жәрдем көрсететін болды. Ол үшін арнайы есепшот ашылды. Қазір біртіндеп қаражат аударылып жатыр. Әкімдік 10 тонна азық-түлік, 10 тонна қант әзірлеп қойған. Тағы құрылыс заттарын жөнелту жоспары бар. Игілікті шарадан Этномәдени орталықтары да шет қалмады. Аймақтағы өзбек ағайындар бір баспана салып беруге уәде етті. Әр ұлт өкілдері шама-шарқынша киім кешек, азық түлік жеткізіп жатыр. Қаржылай қолдау көрсеткендері де бар. 

Ибрахим Зуфаров, «Ахысқа» түрік этномәдени орталығы ақсақалдар алқасының төрағасы:

Қазақстан халқы бір болып, бір жағадан бас шығарып,  қостанайлықтарға көмек жасауға тиіспіз. Бізде бір ата сөзі бар: «Дос күнде емес, күніне керек». Бүгін біз оларға жәрдем жасамасақ, қашан жасаймыз?

Маңғыстау облысында гуманитарлық көмек жинау пунктіне киім-кешек, тұрмысқа қажет заттар мен  жарты тонна азық-түлік жиналды: 10 қап ұн, 100 келі макарон, 40 литр сұйық май, 30 келі тұз, 10 қап қарақұмық, 5 қап күріш пен консервіленген ет пен тәттілер бар. Еріктілер мұнда күні-түні жұмыс істеп жүр.

Абзал Марат, ерікті:

Маңғыстаулықтар бұл хабарды естіген бойда өз үлесін қосып жатыр. Бүгінде Маңғыстау облысы бойынша 5 аудан мен 2 қалада қабылдау пункті жұмыс істеп тұр. Бір тәулікте жарты тоннаға жуық азықтүлік және біршама жылы киімдер жиналды. Бүгінгі таңда соларды іріктеп жатырмыз.

Қиын-қыстау кезеңде алматылықтар да бейжай қалмады. Оңтүстік астанадан күні кеше 40 тоннадан аса гуманитарлық көмек тиелген екі жүк көлігі Қостанай облысына шыққан. Ал бүгін ұн, су сынды алыс жолға жарамды 80 тонна азық-түлігі бар тағы төрт жүк көлігі жол тартты. Әрі тұрмыстық заттарды жөнелтумен шектелмей, зардап шеккендерге қол ұшын созуға 10 шақты белсенді де аттанды. Сондай-ақ қала Мәслихатының депутаттары жалпы сомасы 15 миллион теңгеге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген.

Әкежан Кеңесов, белсенді:

Мақсатымыз – жүк көліктері мен гуманитарлық көмектердің Қостанай жұртшылығына жеткізуін қамтамасыз ету. Қостанайдағы өрттен кейінгі апат салдарына құрылыс жұмыстарына көмектесіп, сондағы жұртшылыққа барынша белсенді түрде көмектесіп атсалысамыз.

Өрттен зардап шеккендерді қолдауға елімізде мыңнан аса ерікті жұмыс істеп жатыр. Қазақстандағы ірі компаниялар да ақшалай көмек беріпті. Бірнеше банк үйі өртенгендердің несиесін кешіріп, қарыздарын жабатын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.