{metadescription}
Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстан көз жұмғандар анықталды
Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстан көз жұмғандар анықталды

Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстан көз жұмғандар анықталды

Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстан көз жұмғандардың жеке басы анықталды. Опат болған төрт адам – "Оружейная палата" сауда орнының қызметкерлері. Ал денесінің 50 пайызын күйік шалған директоры ауыр халде жатыр.

3-қыркүйекте Қостанай облысындағы орман өрті өршіген сәтте қаладағы қару-жарақ дүкені де өртенген. Алдымен қару-жарақ пен оқ-дәрі сатылатын жерде жойқын жарылыс болып, соңы өртке ұласты. Жалын дүкенге жапсарлас орналасқан үйлер мен нысандарға да жайылған. Өрт сегіз жеке үйге таралып, оның ішінде екі қабатты үш коттедж күлге айналды.

Сондай-ақ жол бойында тұрған алты көлікке зақым келген. Өрттің жалпы ауданы екі жарым мың шаршы метр. Өрт сөндірушілер жалынды төрт сағатта әзер ауыздықтаған. Ал жарылыстан кейінгі құтқару жұмысы бақандай 15 сағатқа созылыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.