{metadescription}
Энергетика министрлігі: Жанармай қымбаттамайды, дизель жеткілікті
Энергетика министрлігі: Жанармай қымбаттамайды, дизель жеткілікті

Энергетика министрлігі: Жанармай қымбаттамайды, дизель жеткілікті

Жанармай бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды. Өйткені ішкі нарық Ресейден әкелінетін қосымша отынмен толықтырылады. 100 мың тонна өнім бұған дейін жоспарланған келісім аясында сатып алынады. Энергетика министрлігі осының өзінде елімізде дизель тапшылығы жоқ деп отыр.

Ал шекаралық аймақтардағы шектеуге Қазақстанға кіріп-шығатын транзит көлік нөпірінің артуы мен шаруалардың тым көп пайдалануы себеп екен. Министрлік енді арнайы жүйені іске қосып, дизельді бақылауды күшейтеді.

-Қаңтар оқиғасынан кейін жарияланған мораторий 1-шілдеде аяқтала салысымен, елдегі жанар-жағармай бағасы өзгеріп кетті. Тіпті дизель отынына дифтариф енгізілді. Энергетика министрлігі жанармайды оңды-солды сатпаудың амалын ойластырып, жүйені іске қоспақшы. Яғни қазақстандықтар көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін жанармай құю бекеттерінде көрсеткен жағдайда, дизель отынын төмен бағамен ала алады. Отынды арзанына құйғандардың дерегі 15 қыркүйектен бастап бір базаға жинақтала бермек.

Осылайша дизельдің литріне 230-260 теңге төлегендер туралы ақпарат барлық бекеттегі жүйеде шығып тұрады. Ал тиіс құжатты жүргізуші көрсетпесе, 450 теңгеге сатып алады. Бұл барлық шаруаға дизель отынын теңдей бөліп, Қазақстан арқылы әрі-бері өтіп жатқан транзит көліктердің арзан жанармайды құюына жол бермеу үшін жасалып отыр.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Тамыз айында нарыққа 424 мың тонна жеткізілді. 2020 жылы. Бұл көлем бәріне жетті, тапшылық туындаған жоқ. Ал биыл тамызда нарыққа 517 мың тонна жібердік. Яғни жүз мыңға артық. Сонда да жанаржағармай бекеттерінде отын тапшылығы болды. Көбісі экспортпен байланысты. Транзит көлік көп өтеді. Сонда да бізде ішкі нарықты қамтамасыз етуге отын жеткілікті.

Министрлік елде бензиннің де, дизельдің де қоры жеткілікті дегенімен, Ресейден 100 мың тонна солярканы импорттауға келісіп қойған. Қажет болса, көршілер ұшақтарға керосин де жеткізіп бермек. Осының арқасында ма, әлде мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуін кейінге шегерілуінен бе, жыл соңына дейін баға қымбаттамайды деген сенімде.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Келесі 180 күндікке біздің әріптестерімізбен қосымша бұйрыққа қол қойылды. Жылдың аяғына дейін баға өзгермейді. Келесі жылы көреміз. Қазір баға айырмашылығы едәуір өсті. Бағаның қандай болатынын, әрине, ол нарыққа сәйкес. Бірақ бағаның өсуін ешкім жоспарлап отырған жоқ.

Жанармай бағасымен алысып жатқан басшылар Президент пәрменін де ұмытпапты. 1-қыркүйекте мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі битум өндірісін сынға алған. Энергетика министрлігі мұнай өнімі көлемін ұлғайтудың жоспарын құрыпты. Енді Қазақстан битум өндірісі көлемін қосымша жүктеме қосу арқылы, сондай-ақ Ресей шикізаты есебінен арттырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.