{metadescription}
Наразылық: Атырауда оқушылар үш ауысыммен аптасына алты күн оқып жатыр
Наразылық: Атырауда оқушылар үш ауысыммен аптасына алты күн оқып жатыр

Наразылық: Атырауда оқушылар үш ауысыммен аптасына алты күн оқып жатыр

Атырауда жаңа оқу жылы басталысымен мектептерде шу шықты. Ата-аналар балалардың үш ауысыммен аптасына алты күн оқитынына  наразы. Мәселен, 600 балаға арналып салынған бір мектепте қазір 2 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр.

Қалада дәл осындай 11 мектеп бар. Қысылып-қымтырылып отыратын мұндай ғимаратта білім сапасы төмен болады деп тұрғындар дабыл қағуда.

Атырау қаласындағы №2 мектептің ата-аналары. Білім ордасы 624 балаға арналған. Алайда қазір мұнда екі мыңға жуық оқушы үш ауысыммен оқып жатыр. Ал бұған ата-аналар наразы. Өйткені үшінші ауысым сабағы түс ауа басталып, кешкі сегізде аяқталады. Сабақтан тым кеш шығу қиын әрі қысты күні қауіпті дейді тұрғындар. Сондай-ақ үш баласы сабаққа үш мезгілде барып келетін ата-аналарға оңай болмай тұр.Сондықтан олар үш ауысымды реттеп, оқу аптасын бес күнге қысқартуды талап етеді.

Альмира Хамзонова, Атырау қаласының тұрғыны:

Жарайды мен үйде отырған анамын. Жұмыста жүрген атааналар бар. Сонда олар жұмыс уақытында жүгіріп жүру керек, балаларын күтіп алып, шығарып тастап. Олар уақытында тамақ ішті ме, үйге кірді ме, шықты ма? Оның барлығын үйде  қадағалап отыратын бір адам керек. Менің өзім көлігіммен алып келемін. Сол үшін жұмыс істемей үйде отырмын.

Айжан Елшібаева, Атырау қаласының тұрғыны:

Атааналар наразылық білдіргенде, қалада үш мектепті бес күндікке ауыстырды. Осыған қарағанда бәрі өздерінің қолында. 624 балаға арналған мектепте екі мыңнан астам бала оқиды. Неге бастауыш сыныптарға арнайы ғимарат салмайды? Бұл біраз жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе.

Шағымданушылар жылдан жылға бала саны көбейіп жатса да, жаңа мектеп салынбайтынына наразы. Биылдың өзінде бұл білім ошағынан 9 бірінші сынып ашылған. Ал мектеп тым тар. Сондықтан білім сапасына күмәнмен қараймыз дейді жиналғандар.

Ақмаржан Бисенғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

Жеті жыл балам осы мектепке келеді. Жылданжылға бала саны көбейіп келеді. Бірақ мектеп үлкейіп жатқан жоқ. Мектептің кабинеті, аудиториялар өзінен-өзі көбеймейді. Осы ауданда қосалқы мектептер ашылу керек. Ол бірінші. Екінші осындай үш ауысым кесірінен білім ісінің ұйымдастыруға нұсқан келіп жатқан сияқты. Білімнің сапасын мектеп ұмытып жатқан сияқты.

Жаңа оқу жылы басталғаннан бері Атырауда ондаған мектепте үш ауысымдық сабақ кестесі мен алты күндік оқу аптасына наразы ата-аналар шу шығарып жатыр. Қазір қалаға қарасты 63 мектептің 11-і үш ауысыммен оқиды. Білім басқармасындағылар: «Бұл мәселені жуық арада шеше алмаймыз»ғ - деп ашығын айтты. 

Гүлнар Сәдуақасова, Атырау облысы білім басқармасының басшысы:

Бұл өзекті мәселе. Бірақ бүгін шешімін табатын мәселе емес. Дегенмен де біз жанжақты жұмыс істеп жатырмыз. Әдістемелік көмек ретінде кестені қарап, сабақ уақытын қарап. Сабақтарды біз қысқарта алмаймыз. Өйткені біз мемлекеттік бағдарлама стандартын орындауымыз керек. Дей тұрғанмен барлық мәселені зерделеп, жанжақты шешім табуға жұмыстанып, оқытушылар, басшылар күні-түні жұмыс істеп жатыр.

Басқарма басшысының сөзінше, жаңа мектептер салынса ғана бұл шудың толық шешімі табылады. Жауаптылардың есебі бойынша, қалада 8 мектеп салынса, үш ауысымның мәселесі толық шешіледі екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.