{metadescription}
Тікелей эфир: Елдің түкпір-түкпірінен Қостанай облысына гуманитарлық көмек келіп жатыр
Тікелей эфир: Елдің түкпір-түкпірінен Қостанай облысына гуманитарлық көмек келіп жатыр

Тікелей эфир: Елдің түкпір-түкпірінен Қостанай облысына гуманитарлық көмек келіп жатыр

Көп түкірсе көл болар. Елдің түкпір-түкпірінен Қостанай облысына гуманитарлық көмек әлі келіп жатыр. Елдің жан-жағынан жиналған еріктілер қазір Әуликөл ауданында жұмыс істеуде.

Әуликөлде алғаш ашылған гуманитарлық көмек үлестіру орталығы. Стадионның ішінде орналасқан. Жалпы мұнда осындай үш орталық бар. Ішіне кіріп жұмысымен бірге таныссақ. Азық-түліктің түріне қарай жік-жікке бөлінген. Оны осындағы еріктілер сұрыптайды. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін құрайды. Орталықтың жұмысы туралы толығырақ осында көрші Амангелді ауданынан алғашқылардың бірі болып жеткен ерікті Айбек Танатбаев айтып берді.

Бұл орталық бүгіннен бастап гуманитарлық көмек қабылдауды тоқтатты. Тек таратады. Өйткені соңғы екі күннің өзінде 250-ге жуық жүк көлігі келген. Оларды қабылдап үлгермей жатыр. Сондықтан мұнда келген қайырымдылық керуені Әулиекөлдегі қалған екі орталыққа жөнелтіледі. Жолдың арғы бетінде техникалардың тұруы тегін емес.

Аманқарағайда үйсіз қалғандарға осы жерде баспана салынбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.