{metadescription}
ШҚО: Марқакөлде қарағайлы 300 гектар аумақ күлге айналды
ШҚО: Марқакөлде қарағайлы 300 гектар аумақ күлге айналды

ШҚО: Марқакөлде қарағайлы 300 гектар аумақ күлге айналды

Шығыс Қазақстан облысы да отқа оранды. Өрт сөндірушілер үш күннен бері Алтай ауданындағы тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Ал, Марқакөлде орман өртеніп, қазірдің өзінде қарағай мен шырша өсетін 300 гектар аумақ күлге айналған.

Марқакөл орман шаруашылығындағы орман өртімен күресуге 114 маман мен 17 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ әуеден су себетін тікұшақ пен еурокоптер ұшырылған. 

Ал Алтай ауданындағы дала өртінің беті қайтар емес. Онда қураған шөп пен бұта қағаздай жанып, жан-жақтан өрт ошағы көбейді. Әсіресе таулы аймаққа жайылған қызыл жалынды ауыздықтау қиынға соғуда. Себебі, өрт сөндірушілердің арнайы техникалары баруы қиын жерлерге жете алмай жатыр. Мамандар дала өртінен елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде