{metadescription}
БЛИЦ: Қазақстандықтар Президент сайлауын қолдап отыр ма?
БЛИЦ: Қазақстандықтар Президент сайлауын қолдап отыр ма?

БЛИЦ: Қазақстандықтар Президент сайлауын қолдап отыр ма?

Президент өкілеттігін 7 жылға ұзартып, бір реттік мерзімнен асырмауға қазақстандықтар қалай қарайды? Мұндай бастама мемлекет басшысының 1-қыркүйектегі Жолдауында айтылған болатын. Қазір ел арасында қызу талқылануда. Тұрғындардың көпшілігі президент ұсынысын қолдап отыр. 

- Жеті жыл деген жалпы дұрыс. Жеті жылда ол өзін көрсете алады, біріншіден. Жұмыс істегенін. Жоспарлары толықтай аяқталады. Мысалы, төрт жылда не бітіреді? Жолдауда маған ұнағаны, әсіресе, балаларға 18 жасына дейін ақша жинап қояды екен. 18 жасында бала далада қалмайды. Жоспары бар, оқуы бар.

- Кез келген мемлекет үшін Президенттің рөлі жоғары. Және оны жыл сайын жетілдіріп отыру  және оны тұрақтандыру өте маңызды. Сол үшін де кезектен тыс сайлау жүргізген пайдалы болады деп есептеймін. Алдыңғы жылы өзіміз білетіндей Жастар жылы болды. Биыл балалар жылы болып келе жатыр. Бұдан байқай алатынымыз, президентіміз жастарға, балаларға мән беріп жатыр. Бұл бекерденбекер емес.

- Жеті жылға сайланса, бұл жаңа бағдарламамен жалғасатын болса, бұл өте дұрыс шешім болады. Қазақстан үшін де, Қазақстан халқы үшін де маңызды деп ойлаймын. Өйткені жаңа Қазақстан құрылып жатқаннан кейін, зейнет жасы азайып жатыр. Кішкентай балаларға 18 жасқа дейін ақша жиналады. Халық тағы жаңа бағдарламалармен танысады.

- «Жаңа Қазақстан» деген сол ғой. Жаңару керек. Барлығы жаңадан болу керек деген сияқты. Сол үшін ол кісі заң шығарайын деп жатыр ғой. 7 жылдан кейін қайта сайланбаймын деген. Ол да дұрыс шешім деп ойлаймын. Жас кәсіпкерлерге де мүмкіндік беріп жатыр. Бұл жерде адамның өзіне байланысты. Қалай жұмыс істейді, солай табыс табады.

- 61 жас деді әйелдерде. Егер рас болса, өте қуаныштымын. Содан кейін мына түрмеде қиналып жатқандарды, обалды ұсталып кеткендер көп қой. Оларға да кешірім беремін деді. Ол жері өте жақсы. «Жаңа Қазақстан» жаңа бастамасын бастап жатыр. Ары қарай құрылады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде