{metadescription}
Алматыда жолаушылар автобусы жанып кетті
Алматыда жолаушылар автобусы жанып кетті

Алматыда жолаушылар автобусы жанып кетті

Алматыда жолаушылар автобусы жанып кетті. Қызыл жалын қоғамдық көлік жүріп бара жатқанда тұтаныпты. Салондағы адамдар сыртқа шығып үлгерген. Соның арқасында зардап шеккендер жоқ.

Оқиға бүгін таңертең Саин мен Жандосов көшелерінің қиылысында болған. Бекітілген бағытымен жүріп келе жатқан автобустың кенеттен бір бөлігі түтіндей бастапты. Жағымсыз иісті ең алдымен іште отырғандар сезеді. Артынша жолаушылар сыртқа шыққан уақытта қызыл жалын лап ете қалған. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің екі техникасының күшімен 20 минутта ауыздықталды. Өрттің тұтануына газ құрылғысының істен шығуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені қоғамдық көлік көгілдір отынмен жүреді.

Малика Якупова, «Алматыэлектротранс» ЖШС пайдалану бөлімінің бас маманы:

- Түтін гофра орналасқан жерден, яғни автобустың резеңке арқылы екі бөлігі қосылған орнынан шықты. Абырой болғанда бірдебір жолаушы зардап шеккен жоқ. Жүргізушіміз де дін аман. Өрттің шығу себебін арнайы комиссия анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде