{metadescription}
Ақтөбе интернатында мүгедек балаларды ұрып-соққан қызметкерлер сотталды
Ақтөбе интернатында мүгедек балаларды ұрып-соққан қызметкерлер сотталды

Ақтөбе интернатында мүгедек балаларды ұрып-соққан қызметкерлер сотталды

Ақтөбеде интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан екі қызметкерге қатысты үкім шықты. Судья оларды кінәлі деп тауып, еркіндігін төрт жылға шектеді.

40 жастағы Гүлнұр Жұмабаева мен 19 жастағы Сағынжан Сағитжанов кінәсін бірден мойындаған. Олардың науқас бүлдіршіндерге күш көрсеткені интернаттағы бейнекамераларға түсіп қалыпты. Жай нұқып қалғаны ештеңе емес, жұдырықтап, төсекте жатқандарының үстіне жаншып отырып алғаны да анық көрінеді.

Сот процесі кезінде қос санитар мүгедек балаларды бағу қиын екенін айтып кешірім сұрады. Бұл әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазір 42 бала тәрбиеленіп жатыр. Барлығы сал ауруына шалдыққан немесе ақыл-есі кем бөбектер. Көбінің ата-анасы жоқ. Мемлекет қарауындағы бұл балаларға күш көрсетілгені туралы интернатқа көрші орналасқа сәбилер үйінің басшысы арызданыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.