{metadescription}
Шымкентте оқушылардың ноутбугін ломбардқа өткізіп пайда көрген
Шымкентте оқушылардың ноутбугін ломбардқа өткізіп пайда көрген

Шымкентте оқушылардың ноутбугін ломбардқа өткізіп пайда көрген

Шымкентте мектеп компьютерлерін жөндейтін маман оқушылардың 200-ден астам ноутбугін ломбардқа өткізіп жіберген. Ал ақшасын букмекерлік кеңседе бәске тігіпті. 28 жастағы Нұркен Жайынбаев осы қылмысы үшін 7 жарым жыл жаза арқалады.

Еркебұлан Төлешов, Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы сотының төрағасы:

- Ол компютерлердің барлығын «Гарант» дүкеніне барып сатқан, сонымен қатар ломбардтарға өткізген. Ақшаның барлығын өзінің айтуынша, букмекерлік кеңесеге өткізген, жұмсаған. Ойынқор азамат екен, өзінің айтуынша, кінәсін толық мойындады. Куәгерлерден жауап бар, өзінің жауаптары, жәбірленушінің өкілі бар, мектеп директоры.

Құмар ойынның құлы болған жас жігіт Асанбай Асқаров атындағы мектепке былтыр жұмысқа тұрыпты. Пандемия кезінде оқушылардың онлайн оқуына деп берілген ноутбуктарды сатып жіберген. «Мектеп мүлкін жөндеуім керек» деген желеумен оқушылардан алып қойған. Компютерлердің жетіспейтіндігін директор мектеп жабдық түгендеу кезінде байқапты. Жалпы сомасы 35 миллион теңгеге бағаланған техникаларды сотталушы үш ай ішінде қайтарып беруге уәде берген.

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы:

- Әрине, ол мектепке бүгінгі таңда қажеттілік бар. Дегенмен де осы құқық бұзушы азамат сол мектептің, соттың алдында да толығымен дәл сондай ноутбуктер мен компютерлерді сатып аламын деп уәдесін беріп отыр. Осы бағыттағы жұмысты бақылап, жаңасын дәл сол үлгіде қабылдап аламыз деп отырмыз. Өзіміз дүкендерден көрдік, құнын, ол кездегі біздің алған бағамыз 145 мың теңгеден болған. Бүгінгі таңда сол компютерлеріміз 152-155 мың теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде