{metadescription}
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің ауласына дүкен салуға қарсы
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің ауласына дүкен салуға қарсы

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің ауласына дүкен салуға қарсы

Ақтөбеде тұрғындар көпқабатты үйлердің ауласына дүкен салмақшы болған кәсіпкермен дауласып жатыр. Бала ойнайтын жер жоқта, бұл құрылыс тынысымызды тарылтады дейді наразы топ.

Мәдина Әлменова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Менің талабым, мына жерде дүкеннің болуына қарсымын. Бірінші күнен бастап, естіген бойда жүрегім ауырып кетті. Біз кішкентай, қуықтай аулада бір жолмен жүріп, бір жолмен шығып жүрміз. Орын жоқ. Машинаға да орын жоқ.

Бұл жерде құрылыс басталатынын айналасындағы көпқабатты төрт үйдің тұрғындары білмеген. Тек ауланың ортасын қаңылтырмен қоршап, кірпіш қалдықтарын ортасына үйгенде ғана сұрай бастайды. Құрылысқа қарсы шығып, қазір тоқтатып қойған. Қос қабатты дүкен салынатынын білгенде, тіптен күйіп кеттік дейді тұрғындар. Өйткені айналдырған төрт үйдің айналасында супермаркеттен бастап, бірнеше азық-түлік дүкені бар. Ал бала ойнайтын алаң мен көлік тұрағы жоқ. Шенеуніктер кәсіпкер бұл жерді он жыл бұрын сатып алған деп отыр. Сәулет бөліміндегілер дүкеннің экскизін бекітіп те беріпті. Енді тұрғындар шу шығарғанда ғана қоғамдық тыңдау өткізіп, халықпен санасатын боламыз деп отыр. Ал кәсіркерге дүкен салуға басқа жер қарастырмақшы.

Жанаргүл Махашова, Ақтөбе қаласы сәулет бөлімінің бас маманы:

- Қоғамдық кеңес өткізеді. Егер де бүкіл тұрғындардың көпшілігі қарсы болып жатса, онда сол жерді басқа ауданға, басқа жерге орналастыруға қарастырылады. Тұрғындар наразылық білдіргеннен бастап құрылысты тоқтатуға міндетті болып тұрды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.