{metadescription}
Саясаттанушылардың авторлық кітаптары студенттердің оқу бағдарламасына енгізіледі
Саясаттанушылардың авторлық кітаптары студенттердің оқу бағдарламасына енгізіледі

Саясаттанушылардың авторлық кітаптары студенттердің оқу бағдарламасына енгізіледі

Тарих жастарға таңсық тақырып емес. Қазақстандағы танымал саясаттанушылардың авторлық кітаптары студенттердің оқу бағдарламасына енгізіледі. Мәселен, бүгін мемлекетіміздің 30 жылдағы елеулі оқиғалары тізілген  «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» атты кітабы жарыққа шықты.

Кітапта еліміз еңсесін тіктеп, дамудың даңғыл жолына түскен тәуелсіздік жылдардағы маңызды оқиғалар топтастырылған. 91-жылдан бастап мемлекеттік қызмет жүйесі мен парламентаризмның қалай қалыптасқаны, қандай заңдар қабылданып, қалай жүзеге асырылғаны ұғынықты жазылыпты. Әрине, бұл мәліметтің барлығы бір туындының ішіне сыймайтыны анық. Сондықтан әрбір тақырып жіті зерттеліп, 6 кітаптан тұратын топтама бес мың таралыммен шықты. Ал туындының авторы елімізге белгілі саясаттанушылар мен публицисттер.

Андрей Чеботарев, саясаттанушы:

- Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай жазылған. Туынды ағартушы сипатта шығарылған. Еліміз Тәуелсіздік алған тұстан бастап қандай маңызды оқиғаларды басынан өткерді, осыны білу үшін мәліметті интернет, кітапхана немесе мұрағаттардан іздейсің. Сондықтан, біз бұл кітапта хронология тәртібімен бүгешүгесіне дейін жазып шықтық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.