Блиц: Президент сайлауына ел азаматтарының пікірі қандай?
Күзде өтуге тиіс президент сайлауына қатысты ел азаматтарының пікірі қандай? Президент өкілеттігін 7 жылға ұзартып, бір мерзімде қалдыруды қолдай ма?
Автор: Салтанат Шырынхан
07.09.2022
Тұрғындардың пікірі:
- Президенттің Жолдауымен таныстық, оны құптаймыз. Себебі: осы жолы халықтың әлеуметтік жағдайына көбірек көңіл аударылған. Жұмыспен қамтумен байланысты. Сол мені қуантты. Ал енді сайлауға келетін болсақ, бұл сайлау – болады. Болғаны дұрыс деп есептеймін.
- Халықтың жағдайын ойласа, халықтың әлауқатын көтеретін бағдарламалары бар болса, неге болмасқа? Әрине, жақсы қараймыз. Көзқарасым дұрыс. Жеті жыл деген дұрыс шығар деп ойлаймын. Бір адамның біраз еңбегін, халыққа жасаған жақсылығын, әлауқатын көтергенін көретіндей уақыт қой. Расында да біраз жаңалық болады деп ойлаймын.
- Жаңарулар қазір ақырынақырын болады ғой, ол тірліктің барлығы. Былай енді басталып жатқан сияқты. Ақырындап, қолға алынып. Кішкентай ауыл емес қой, бірден өзгертіп тастау керек деген. Үлкен мемлекет. Президентіміздің жеті жылға отырғаны жақсы. Өйткені экономикамызды көтере алады деп ойлаймын. Халықтың жағдайы жақсаруы мүмкін. Өйткені жеті жылда біраз тірлікті бітіруге болады.
- 18 жасқа дейін ақша салынып тұрады деген. Оны 18 жастан кейін алса болады деген. Білмейм енді. Былай қарағанда, жақсы сияқты. Алдында ондай болмады ғой. Ешқандай ақша, ешкімнің шотына ақша салынған жоқ. Жастарға жақсы мүмкіндік сияқты. Өзінөзі ары қарай сүйреп алып кетуіне, дамуына.
- Қазақстан Республикасы президентінің Жолдауында зейнетақы жағы әйелдерде 63 жас делінген гой. Сол қазір 61 жас болып жатыр. Ол бізге, әйелдерге тиімді деп ойлаймын. Президент сайлауы өтейін деп жатыр екен, кезектен тыс. Жеті жылдық. Яғни жеті жыл аз уақыт емес. Жеті жылда көп нарсе шешуге, көп нәрсені үйренуге, жаңартуға болады деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!