{metadescription}
Шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу тәртібі
Шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу тәртібі

Шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу тәртібі

Шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу тәртібі белгілі болды. Бұған дейін айтылғандай, 1-қыркүйекке дейін ел шекарасына кіріп үлгерген көліктер есепке қойылады. Бірақ барлығы бірдей емес.

Мысалы, іздеуде жүрген, сондай-ақ сот тарапынан шектеулері бар, рөлі оң жақтағы көліктер заңдастырылмайды. Бұрын тіркелген мемлекетіндегі есептен тиісті тәртіппен шығарылмаған көліктерді де Қазақстанда есепке қою мүмкін емес.

Кеден тексерісінен толық өтпеген немесе иелерінің құқықтық құжаты жоқ автокөліктер де тіркелмейді.

1-қыркүйектегі халыққа Жолдауында мемлекет басшысы шеттен келген көліктерді заңдастыруды тапсырған. Президент өз сөзінде көліктерді тіркеу және утилизацияға жіберу құны 200-250 мың теңгеден аспаға тиіс деген.

Жандос Мұратәлиев, ҚР ІІМ Әкімішілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Криминалдық автокөліктерді көлік бойынша ақпарат бұрынғы тіркелген елдердің құқық қорғау және кеден органдарымен салыстырылатын болады. Тағы да азаматтарды Қазақстанда автокөлікті тіркеу және пайдалану мүмкіндігі үшін автокөлік сатып алу кезінде заңнаманы сақтауға, олардың заңды "тазалығын" міндетті түрде тексеруге шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.