{metadescription}
Ерлан Сайыров: Дизель тапшылығы мен бағасының күрт өсуін әлдекімдер ұйымдастырған
Ерлан Сайыров: Дизель тапшылығы мен бағасының күрт өсуін әлдекімдер ұйымдастырған

Ерлан Сайыров: Дизель тапшылығы мен бағасының күрт өсуін әлдекімдер ұйымдастырған

Елде дизель бағасы өсіп жатыр. Кей өңірлерде сұйық отынның литрі 500 теңгеге дейін жеткен. Бүгін депутаттар бағаны бұлай көтеруге еш негіз жоқ деп дабыл қақты.

Мәжілісмен Ерлан Сайыров дизелдің тапшылығы мен бағасының күрт өсуі әлдекімдердің ұйымдасқан әрекеті деп санайды. Өйткені елдегі мұнай өңдеу зауыттары бағаны сол күйінде ұстап тұр. Сондықтан шикі мұнайдан өңделіп, жанармайға айналғанға дейінгі шаруаны жіті тексеру керек деп, құзырлы органдарға депутаттық сауалын жолдады. Тап орақ науқаны қызған шақта бағаның өсуі қосымша соққы. Сәйкесінше, өңірлердегі шаруалардан шағым көбейген.

Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:

- Біздің қолымызда қазір кейбір фактілер бар. Осы фактілерді тексеру үшін бүгін мен Бас прокуратура мен агенттікке сұрау  жолдадым. Бағаның күрт өсуі жылда қайталанады. Яғни дәл осы кезде белгілі бір топтар олигархия топтары осы жағдайды біліп, алдын ала дайындалып, өз қалтасын толтыруға жұмыс істейтін секілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде