{metadescription}
Қостанай облысы: Аманқарағайлықтарға салынатын үйлердің іргетасы қаланды
Қостанай облысы: Аманқарағайлықтарға салынатын үйлердің іргетасы қаланды

Қостанай облысы: Аманқарағайлықтарға салынатын үйлердің іргетасы қаланды

Жаңа қонысқа алғашқы қадам. Бүгін Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өртте баспанасыз қалған аманқарағайлықтарға салынатын үйлердің алғашқы іргетасы қаланды. Шенеуніктер қысқа дейін құрылысты аяқтаймыз деп сендіреді.

Үкімет баспана тұрғызуға бюджеттен 2 миллиард 300 миллион теңге бөлмекші. Ұлттық экономика министрігінің мәлімдеуінше, әр үйдің құрылысына 25 миллион жұмсалады. Су жаңа  91 үй аудан орталығында бой көтермек.

Сол жақ – Астанаға, оңға бұрылса Қостанайға бастайтын тас жолдың етегіндегі елеусіз жерде үш күннен бері тыным жоқ. Техникалар үсті-үстіне келіп жатыр. Әуликөлдің шыға берісіндегі осы аумақты атқамінерлер аманқарағайлықтардың жаңа қонысына таңдапты. Бір емес, тоқсан бір үйдің құрылысын жүргізетін 8 компанияны да әкімдік қысылтаяң кезде тез таба қойыпты. Пысықайлар бір күнде бірнеше іргетасты қазып та үлгерген.

- Ассалаумағалейкум!

- Уағалейкумассалам!

- Іске сәт! Мына жаңадан соғылып жатқан үйдің іргетасы, жалпы тереңдігі қанша болады? Қанша шаршы метр?

- Тереңдігі 70 см. Асты бетон болады, арматурамен, сосын блоктар. Бір-екі айда бітіру керек деп жатыр, үйлердің бәрін, сол, тырысамыз бітіруге.

- Екі айдың ішінде сапалы үй соғуға бола ма?

- Болады, материалдар болса, қар жаумаса болды ғой.

Сонымен таңертен алғашқы үйдің іргетасы қалана бастады. Бұл жұмыстың басы ғана. Ауа райы әбігерге салмаса, бірнеше күннен кейін қабырғасын көтеруге кіріседі.

Әр сағат есептеулі. Мұнда қол қусырып тұрған ешкім жоқ. Жұмыс қыз-қыз қайнап жатыр. Өйткені қысқа уақытта құрылысты аяқтау қажет. Егер жоспардан жаңылмаса, екі айдан соң, қарашаның ортасына таман үйсіз қалған аманқарағайлықтар жаңа баспанасына кіре бастайды.

Бұл жердің жалпы аумағы 12 гектар. 91 отбасының әрқайсына 10 сотықтан тиеді. Үйден бөлек бау-бақша егуге де жер қалады. Ал әр баспананың орташа құны 18 миллион. Неге мұндай бағаға шыққанын әкімдік былайша түсіндірді.

Әділбек Нұрханов, Әулиекөл ауданы әкімдігі сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы:

- Әр үйдің 100 шаршы метрі болады, ішінде санитарлық торап – бәрі болады. Газы, үйдегі суы болады. Жігіттер қазір келіп жатыр, су құбырын өткізеді. Электр жүйесі де болады. Материал келіп жатыр, күнітүні бойы келіп жатыр. Жігіттер жатпай-тұрмай жұмыс істеп жатыр.

Аманқарағайдағы алапат өртте жалпы 98 үй өртенді. Күл ортасында қалған бүлінбеген баспаналар да бар. Экологиялық тұрғыда ондағы тұрғындарды көшіру қажет деген әңгімені белсенділер қозғағанмен, әзірге шенеуніктер қорытынды күтейік деп шешім қабылдауға асықпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.