Петропавлда электршалғыдан үш жасар қыздың ішек-құрылысы ақтарылып қалған
Петропавлда үш жастағы қаршадай қызды электршалғы кесіп кетті. Ішек-құрылысы ақтарылып қалған кішкентай науқастың жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Адам шошырлық оқиға Явленка ауылында болған. Жұмыс істеп тұрған электршалғы қыздың 6 жасар ағасының қолында болған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
08.09.2022
Сол күні кешқұрым алты жасар бала көгал шабатын шалғымен ойнап жүрген. Ал кішкентай қарындасы шөп арасында жүріпті. Құрылғы пышағы балақайдың дәл қарнын тіліп түскен. Ішек-құрылысы ақтарылып қанжоса болған қызды дереу ауруханаға жеткізген. «Бұрын-соңды мұндайды көрмедік» - деген дәрігерлер қолынан келгенін жасап, оның өмірін сақтап қалған. Кешікпей санавиациямен облыс орталығынан келген мамандар бірден ота жасады. Түнгі 12-де басталған та таңғы 6-ға дейін созылған. Асқазанды жалғап, бауырдан кеткен қанды тоқтату, жыртылған, кесілген ішектерін жалғау дәрігерлерге оңайға соқпаған. Қазір кішкентай науқас облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. «Жағдайы ауыр» - дейді дәрігерлер.
Нұрлан Айманов, СҚО балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:
- Ауруханаға түскен кезде қан қысымы нөлге жақындаған. Барлық дұрыс шара жасап, баланың өмірін құтқарып, санавиация келгенге дейін өмірін сақтады. Енді жағдайы өте ауыр. Жарақат алғаны, 2-ден күрделі отадан өткеннен жағдайы ауыр. Өте қауіпті, өте күрделі, өте қиын жағдай болып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!