Келер жылдың бюджет шығыны екі триллионға артық – 21 триллион
21 триллион теңге. Қаржы министрлігі келесі жылдың Үкімет шығыны осынша болады деп есептеп отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда екі триллионға артық. Қаражаттың басым бөлігі, әдеттегідей, әлеуметтік салаға жаратылады деді алдағы үш жылдықтың бюджет жоспарын таныстырған қаржы министрлігінің өкілдері.
Автор: Елдос Есенбол
08.09.2022
Татьяна Савельева, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
- Үкімет жыл сайын елдегі инфляция деңгейін ескеріп, жәрдәмақы мен зейнетақыға индексация жүргізеді. Алдағы жылдың бюджетінің биылдан көбірек болуының себебі осы. Сондайақ әлеуметтік сала мамандарының жалақысы жоғарылайтынан да ескеру керек. Мысалы, мұғалімдердің, дәрігерлердің, азаматтық қызметшілердің айлығы өседі.
Үкімет ұлттық жобаларды іске асыруға да қаражат аяп отырмаған сыңайлы. Мысалы, 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,6 триллион теңге кетуі керек деп болжанған. Қаржы министрлігі қыруар ақшаның басым бөлігі өңірлердегі әкімдіктердің қазынасын толтыруға бөлінеді дейді. Ал ондағылар бюджет қаржысын әлеуметтің ақсап тұрған саласына жаратуға тиіс. Сондай-ақ мемлекет қазынасының белгілі бір бөлігі сыртқы қарыздарды өтеуге де жұмсалмақ. Мысалы, 2023 жылы бұл бағытқа 1 миллиард 800 миллионға жуық қаржы кетеді деп есептелген.
Татьяна Савельева, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
- Өткен жылы Ұлттық қордың қаражатын жұмсау кезінде Есеп комитеті мен Президент әкімшілігі тарапынан ескерту жасалған. Сол себепті биылғы жоспарда бұл бағыттағы нысаналы трансферттер: Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыруға, депозитінде ұлттық валютамен ақша ұстаған азаматтарға өтемақы төлеуге, газ, сумен жабдықтау секілді маңызды инфрақұрылым жобаларын іске асыруға жұмсалуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!