{metadescription}
«АртСпортта» тіркелген адамдар іс жүзінде жоқ болып шыққан – Алматы
«АртСпортта» тіркелген адамдар іс жүзінде жоқ болып шыққан – Алматы

«АртСпортта» тіркелген адамдар іс жүзінде жоқ болып шыққан – Алматы

Алматы әкімдігі «АртСпорт» бағдарламасы бойынша 2 миллиард 200 миллион теңге қарыз. Аудан тұрғындарымен кездескен қала әкімі Ерболат Досаев тегін спорт секциялары мен үйірмелерді ұйымдастырған кәсіпкерлер алдындағы қордаланған қарызға байланысты бағдарлама уақытша тоқтатылғанын жеткізді.

Шаһар басшысы қосымша қаражат бөлу үшін қала Мәслихатына да ұсыныс білдіріпті. Ерболат Досаев «АртСпорт» платформасының жұмысында олқылық көп деп отыр. Мәселен, жүйеде тіркелген адамдар іс жүзінде жоқ болып шыққан. Балалар спортпен айналысатын және өнерге баулитын нысандар да талапқа сай емес. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылған. Жүйені жетілдіру үшін оны әзірлеген жандармен кездесу де жоспарланған.

Ал қызмет ұсынатын компаниялардың қитұрқылығын құзырлы органдар тексереді. Әкімдіктің мәліметінше, аталған жоба арқылы 90 мың бала тегін үйірмеге қатысып үлгерген. Оған қала қазынасына 11 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бірақ аталған соманы әкімдік қалайша жеткізе алмай қарызға батқаны әзірге белгісіз.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Біз қаржы мәселесіне байланысты бағдарламаны уақытша тоқтаттық. Ең бастысы, кредитор қарызын жабу керек. Атааналардың өтініші бойынша жұмыс тобын құрдық. Алғашқы кездесулер өтті. Бағдарлама бойынша қарызды жабу үшін қаражат іздейміз деп келістік, бұл шамамен 2,2 миллиард теңге. Біз платформа әзірлеушілерді шақырдық. Жүйенің әлсіз жақтарын жою қажет. Қазір жергілікті бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.