{metadescription}
Семейде дәрігерлер офтальмология орталығын көшіруге қарсы шықты
Семейде дәрігерлер офтальмология орталығын көшіруге қарсы шықты

Семейде дәрігерлер офтальмология орталығын көшіруге қарсы шықты

Семейде аурухананың жайы алаңдатқан дәрігерлер наразы. Жаңа құрылған Абай облысының шенеуніктеріне ғимарат жетпей жатыр. Әкімдік қаладағы офтальмология орталығын басқа жаққа көшірмекші. Алайда бұл шешімге дәрігерлер мен емделушілер қарсы.

Себебі, жергілікті билік ұсынған ғимарат санитарлық талапқа сай келмейді дейді. Ал бұған әкімдіктің өз уәжі бар. Абай облысының атқамінерлері таласқа түскен ғимарат әлі біздің балансымызға өткен жоқ дейді. Сондықтан дәрігерлерді көшіру туралы бастамаға еш қатысымыз  жоқ деп ақталды.

Ғимараттың көз орталығы болғанына 30 жыл болған. Енді жаңа құрылған Абай облысының шенеуніктері ақ халаттылардан мекемені босатып беруді талап етуде. Әйтседе дәрігерлер ақтамінерлердің ұсынған ғимараты санитарлық талапқа сай келмейді дейді.

Шенеуніктердің ғимаратты босату туралы шешімі науқастарды да сеңделтіп қойды. Көзіне ота жасату үшін айлап кезек күткендер не істерін білмей дал. Олар дәрігерлер мекемеден мекемеге, ырғалып-жырғалып көшіп жатқанда, белгіленген отаның күні өтіп, талдау нәтижелерін қайта жинауға мәжбүр боламыз ба деп алаңдайды.

Бәтима Аманбаева, Семей қаласының тұрғыны:

- Науқастар аудандардан, ауылдардан келеді. Қайтақайта келуге мүмкіндік жоқ. Ал бүрсікүні маған ота жасау керек. Сонда маған жасамай ма? Қайта кетем бе, қайда барамын бір көзіммен?!

Көз орталығында қызмет атқаратын 70-тен астам дәрігер де атқамінерлердің буынсыз жерге пышақ салғанына наразы. Олардың айтуынша, ауруханадағы ота жасайтын аппараттарды көшіріп-қондыру оңай шаруа емес. Оның үстіне кейбір құрылғы істен шығуы ықтимал. Сондай-ақ жергілікті биліктің ұсынған ғимараты да көңіл көншітпейді деп отыр.

Айжан Қожанова, Офтальмохирургия орталығының қызметкері:

- Қазір көшсек, құрылғыларды орналастыру қиын. Себебі, аппараттарды жерге тұйықтау керек. Ал оны істеуге көп уақыт кетеді. Науқастар бірінің үстіне бірі қабаттасып, одан кейін дәрігерлер үлгере алмай қалады.

Шенділер бұл ғимаратты 12-қыркүйекке дейін босатып беруді талап еткен. Ал Абай облысының әкімдігі офтальмология орталығының Шығыс Қазақстан облысының балансында тұрғанын айтады. Сондықтан мемемені босату туралы хабарламаны біз жолдаған жоқпыз деп ақталды.

Евгений Кожушко, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының заңгері:

- Хабарламаны Абай облысының органдары берген жоқ. Ол Шығыс Қазақстан облысынан жіберілді. Әзірге іс жүзінде ғимаратты өзімізге  өткізу процедурасы болған жоқ. Сондықтан мүлік солардың еншісінде.

Дегенмен мамандар мекемені босату туралы хабарлама түскен күннен бері дәрігерлерге қолайлы ғимарат қарастырып жатқанын айтады. Сондай-ақ олар жаңа Абай облысын құру және мемлекеттік органдарды орналастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал дүрліккен дәрігерлер мен емделушілер өзін ешқайда көшірмеуді сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде