{metadescription}
Рим Папасын көруге шетелден 3 мыңға жуық діндар жиналады
Рим Папасын көруге шетелден 3 мыңға жуық діндар жиналады

Рим Папасын көруге шетелден 3 мыңға жуық діндар жиналады

Рим Папасын көруге алыс-жақын шетелден үш мыңға жуық діндар келмекші. Басым көпшілігі Орта Азия мен өзге де таяу мемлекеттерден. Католик шіркеуінің басшысы ертең Қазақстанға ат басын бұрып, елордада ауқымды діни жоралғы өткізеді. Негізі Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысуға келе жатыр.

Алқалы жиынның өзі алдағы сәрсенбі және жұмаға жоспарланған. Қазір астана меймандар мен аса лауазымды қонақтарды күтіп алуға қызу дайындалып жатыр. ЭКСПО ғимаратында өтетін шараға шетелдік 300 бұқаралық ақпарат өкілі қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдірген. Ал сапар аясында понтифик президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Естеріңізге салайық, бұл католик шіркеуі басшысының елімізге екінші рет табан тіреуі. 2001 жылы алғаш рет Рим Папасы Екінші Иоанн Павел келген болатын. 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Рим Папасымен бірге өзінің 81 жеке пулының журналистері келеді деп күтілуде. Алдағы сьезге 300-ден астам шетелдік журналист аккредитациядан өтті. Біз ұйымдастырушы ретінде барлық журналистерге қазақстандық болсын, шетелдік болсын, барлық жағдайды жасауға тырысып жатырмыз. Рим Папасымен келе жатқан журналистердің және басқа да шетелдік журналистердің көп санына қарағанда, бүкіл дүниежүзі бұл сапарға көңіл бөліп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде