Ескерту: Жалақысы жақсы жұмыс ұсынып ақша сұрайтындар көбейген
Жұмысқа орналастырамын деп оңай ақша тапқысы келеді! Жарнама сайттарында жалақысы жоғары жұмыс ұсынып қомақты ақша сұрайтындар көбейген. Мамандар оңай олжаға сенбеуге шақырады.
Автор: Бек Әбиев
12.09.2022
Елімізде ресми түрде тіркеліп жұмысқа орналастыру агенттігі ретінде жұмыс істеп келе жатқан бар-жоғы 50-ге жуық компания бар. Жұмысқа тұру үшін оларға да ақша төлеуің керек. Бірақ ресми агенттіктер келісімшарт жасасып, кепілдік береді. Тіпті кейбірі мамандық үйрету үшін арнайы курстарға да жіберуі мүмкін. Бейресми дерек бойынша пандемиядан кейін жұмыс орындары қысқарып, бос вакансия азайған. Десе де техниктер, инженерлер мен құрылысшыларға сұраныс әлі де жоғары дейді жұмысқа тұрғызумен айналысатын агенттік өкілдері. А, 15 жылда 12 мыңнан астам адамға қызмет тауып берген Ассеpt компаниясындағылар жұмысқа тұрғызамын деп ақша сұрайтын алаяқтардан аулақ жүруді ескертеді.
Шыңғыс Туғанов, Ассеpt жұмысқа орналастыру агенттігі Шымкент филиалының директоры:
- Келісімшартта бір рет ақша төленеді. Жұмысқа кіргіземіз, ол – кепіл. Келісімшартта мерзімі көрсетілмейді. Вакансия түсуі керек. Мысалы, жүргізуші Б,С,Д санатымен келді, ақша төледі. Ал Б,С,Дға жұмыс табылады. Мен ол кісіні компанияға бізде осындай жүргізуші бар еді, тәжірибесі бар, құжаты міне, бола ма деп ұсынамын. Кейде компания қабылдамайды, жасы үлкен және тәжірибесі аз дейді. Біз ол кезде басқа жүргізушіні ұсынамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!