Үсік жүріп, қар аралас жаңбыр жауады
Үсік жүріп, қар аралас жаңбыр жауады. Синоптиктер елімізге 12-15 қыркүйек күндері солтүстік-батыстан суық антициклон келе жатқанын болжап отыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
12.09.2022
Суық ауа ағымының әсері республикамыздың солтүстігінде қатты сезіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, фронталь бөліктер батыс, солтүстік-батыс, шығыс пен оңтүстік-шығысқа қарай ойысады. Яғни аталған өңірлерде жаңбыр жауады.
Дәл осындай күн райы шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да күтілуде. Онда тіпті күндізгі нөсер жауынның арты түнде көктайғаққа ұласуы мүмкін. Кейбір аймақтарда жел күшейеді.
Қыркүйектің 14-15-і солтүстік, солтүстік-батыс пен орталық, шығыс пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақта үсік жүруі ықтимал. Сынап бағаны -3 градусқа дейін төмендейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!