{metadescription}
Ел астанасына бұрынғы атын қайтару жөнінде
Ел астанасына бұрынғы атын қайтару жөнінде

Ел астанасына бұрынғы атын қайтару жөнінде

Ел астанасына бұрынғы атын қайтару жөніндегі Мәжіліс депутаттарының бастамасы да конституциялық заңға енгізілетін өзгерістердің қатарына кірді. Мемлекет басшысы халық қалаулыларының уәжімен келіскен.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Бірақ Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны ескерілуі керек дейді президент. Сондықтан тұңғыш президент атындағы басқа да нысандар өз атауын сақтап қалуға тиіс.

Руслан Желдібай, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:

- Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондайақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтінішіне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә.Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факті деп санайды. Сондықтан Тұңғыш президент атындағы басқа нысандар өз атауын сақтап қалуға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.